26-Маусым-2013 - «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік конкурс-көрме туралы
«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік конкурс-көрме туралы (8 тамыз 2013 ж., Қарағанды қ.)
8 тамызда 11.00 сағатта С. Сапиев атындағы Бокс орталығында Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен және Қарағанды облысы бойынша техникалық реттеу және метрология Комитетінің Департаментімен «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік конкурс-көрмесі өткізіледі.
Конкурста өз өнімдерін Қарағанды облысының 50 кәсіпорны ұсынады. Сонымен қатар, конкурстан тыс көрмеге Шығыс-Қазақстан, Алматы және Павлодар облыстырының 15 кәсіпорны қатысады. Конкурс-көрменің жұмысына облыстық әкімдік басшылары, Қарағанды облысы бойынша техникалық реттеу және метрология Комитетінің Департаментінің басшылары, Қарағанды облысының кәсіпорындары және ұйымдарының басшылары және мамандары қатысады. Конкурс үш атау бойынша өткізіледі: «Өндірістік аталымдағы үздік тауарлар», «Халық үшін үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары». Конкурс-көрме барысында кәсіпорындар – конкурс қатысушылары өз өнімдерінің дегустациясын өткізеді, сонымен қатар өнімді халыққа сатады.
Өңірлік конкурс-көрме қатысушыларын бағалауды облыстық сараптау тобы өткізеді. Конкурсқа қатысушыларды бағалау кезінде негізгі өлшемдер өнімнің сапасы, оның айрықшалылығы және бәсекеге қабілеттілігі болып табылады.
«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік конкурстың лауреаттары немесе дипломанттары болған кәсіпорындар дипломдармен марапатталады. Кейін конкурс қатысушыларының материалдары республикалық конкурстық комиссияға беріледі. Республикалық конкурс жеңімпаздарының тізімі «Новости Госстандарта» журналында жарияланады.
1998 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан өңірлік конкурстар Қарағанды облысында шығарылатын өнімнің жоғары дәрежесін көрсетті. Біздің өңір ағымдағы жылы Республика көлемінде өндірілетін өнім сапасы саласында өз көшбасшылығын дәлелдейтіні сөзсіз.
Конкурс экономиканың нақты секторында жұмыс істейтін Қарағанды облысының бизнесмендері үшін қосымша ынталандыру болып табылады. Конкурс лауреаттары ағымдағы жылдың соңында Астана қаласындағы «Қазақстанның үздік тауары» республикалық конкурс-көрмеге қатысады.