Размер шрифта:




Цвет сайта:

белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст
Размер шрифта:

Жаңалықтар


25-Маусым-2013 - Арқа жұрты абыз ақсақалын ақтық сапарға шығарып салды

25 шілдеде облыс жұртшылығы Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагері, Қарағанды қаласының Құрметті азаматы, Қазақ ССР мәдениет саласының еңбек сіңірген қызметкері және баспа саласының үздігі Мәлік Имашевты ақтық сапарға шығарып салды.
 
- Мәлік Имашұлы тек біздің өңірімізде ғана емес, бүкіл елімізге аты әйгілі ардақты азамат еді. Оның ғибратты ғұмыры Отанға, елге қалтқысыз қызмет етудің өнегелі үлгісі болып табылады, - деді облыс әкімі Бауыржан Әбдішев қаралы митингіде сөйлеген сөзінде.
Ұлы Отан соғысы басталғанда небәрі он тоғыз жастағы бозбала жігіт майданға алынады. Қиян-кескі ұрыстарға қатысып, қаһармандық пен батырлықтың үлгісін көрсетті. Соғыс аяқталып, елге аман-есен оралғаннан кейін, партия органдарында еңбек етті. Облыстық кәсіподақ кеңесінің төрағасы болып қызмет атқарды.
Зейнетке шыққан соң аймағымыздағы баспа саласын дамытуға зор үлес қосты. Мәлік Имашұлының еселі еңбегінің арқасында облыстың полиграфия өндірісі қарқынды дамыды.
Отан алдындағы еңбегі үшін төрт орденмен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен және бірнеше медальдармен марапатталды. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Бірнеше мәрте облыстық кеңестің депутаты болды. Қазақстан Компартиясының съездеріне делегат болып қатысты.
Міне, осының барлығы – бүгінгі жастарға, біздің баршамызға өмірлік өнеге. Сондықтан Мәлік Имашұлының ғибратты ғұмырын, өмірлік жолы мен игі істерін біз ешқашан ұмытпаймыз. Марқұмның жарқын бейнесі біздің жадымызда мәңгі сақталады! –деп атап айтты аймақ басшысы.
Қаралы митингіде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Серік Ахметовтың, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннің, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжановтың көңіл айту жеделхаттары оқылды.
Осыдан кейін марқұмның жора-жолдастары, бірге қызмет атқарған әріптестері соғыс ардагері Камали Дүйсенбеков, еңбек ардагері Сұлтан Досмағамбетов, сондай-ақ Мәлік Имашұлының шәкірті, облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің бас редакторы Владимир Рыжков сөз сөйлеп, жиналған жұртты тебірентті. Марқұмның туған-туыстары атынан сөйлеген Роза Имашқызы облыс басшылығына, жиналған халыққа көрсеткен қолдауы мен көмектері үшін алғысын білдірді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтардың лентасы

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
30 Шілде 2013
Караганда Другие города
+17 °C
без осадков,ясно
С-В, 1 м/с
30 Шілде 2013
Доллар США   153.24
Евро   203.56
Российский рубль   4.68
© 2005-2020 Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы