Размер шрифта:




Цвет сайта:

белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст
Размер шрифта:

Жаңалықтар


03-Қазан-2013 - Қазанның 3 күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Қарағанды қаласына келіп, облыс әкімі Бауыржан Әбдішевтің қабылдауында болды. Онда облыстағы дін саласының жай-жапсары мен хал-ахуалы жайлы әңгіме өрбіп, шешімін таппаған біраз мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Діннің діттегені – бүлік емес, елді иман жолында ұйытып, ынтымақ пен бірлікте ұстау. Оның ішінде, исі қазақ баласы ислам дінін қабылдағалы 12 ғасыр өтіпті. Бүгінде елімізде осы дін қанат жайып, өркендеп келеді. Жаңа мешіттер бой көтеріп, ғибадатханалар салынған сайын ел иманға бет бұруда. Бұл – мемлекетіміздің біртұтастығына бірден-бір негіз.
Қазақстан көпұлтты зайырлы мемлекет болғандықтан, мұнда бірнеше діни бірлестіктер бар. Соның бәрін бір шаңырақ астында бейбітшілікте ұстап, тіл табыстыру оңайға соқпасы анық. Аймақ басшысы мен бас мүфти арасындағы әңгіменің ауаны да соған саяды. Әйтсе де, облыс әкімінің айтуынша, аймақтағы діни бірлестіктер үнемі билік назарында. Жағдай – қалыпты. Тұрғындар тату-тәтті тірлікке бейім бүгінде.
Келелі кездесуде көтерілген тағы бір мәселе – Қазақстан мен Қарағандыдағы діни экстримизм. Әсіресе, ел ертеңі – жас жеткіншектердің жат пиғылдағы жекелеген секталар жетегінде кетпеуін мұқият қадағалап, билік пен ҚМДБ бірлесіп қолға алуы шарт. Бұл орайда да, атқарылар істер аз емес. Басты күш – басшылық пен діни басқарманың бірігіп, қам-қарекет қылып, жастарға дұрыс бағыт беруінде. Сонда дін – иман мен ынтымаққа, ал ынтымақ – мемлекеттің мызғымас беріктігіне қызмет етеді. Мемлекетті құрайтын – қоғам. Ал, дінсіз қоғам болмайтыны айтпаса да түсінікті. Мемлекеттік саясат та осыған бағытталады.
Өзара пікір алмасудан соң, облыс әкімі Бауыржан Түйтеұлы бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлына естелік ретінде сый-кәде мен Қарағанды облысының Энциклопедиясын сыйға тартты. Бұдан кейін Ержан қажы кеншілер Мәдениет сарайында Қарағанды жастарымен бейресми кездесуде болды. Бас мүфти онда да жеткіншектер көкейіндегі діни сұрақтарға жауап берді.

Жәнібек ӘЛИМАН

Жаңалықтардың лентасы

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
23 Қазан 2013
Караганда Другие города
+2 °C
без осадков,облачно
Ю-З, 2 м/с
23 Қазан 2013
Доллар США   153.78
Евро   210.23
Российский рубль   4.82
© 2005-2020 Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы