Размер шрифта:




Цвет сайта:

белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст
Размер шрифта:

Жаңалықтар


07-Қазан-2013 - Келер күннің ұстасы - ұстаз

Дарыны дара мұғалімдер төл мерекелері қарсаңында ерекше құрметке бөленіп, марапатқа ие болды. Кеше Кеншілер Мәдениет сарайында аймақтың ұстаздар қауымы бас қосты. Жүзден жүйрік шыққан аймақ ұстаздарына Қарағанды облысы әкімінің сыйлығы табыс етілді. Расымен де, мұғалім мерейі еселенген күн болды – бұл.
– Ұстаздар қауымы бүгінде аймақ пен тұтас еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша үлес қосып жүр,– деді облыс әкімі Бауыржан Әбдішев құттықтау сөзінде. – Еліміздің ең басты байлығы адам десек, сол адами капиталдың қалыптасуы ұстаздарға тікелей байланысты. Ел болашағы үшін, жас ұрпақ тәрбиелеп жатқан орасан еңбектеріңіз үшін үлкен рахмет айтамыз.
Білім және ғылым саласының мәні аймақ үшін айрықша. Оған бөлінетін қаржы көлемі де жыл сайын артып келеді. Мәселен, биыл бөлінген қаражат көлемі – 65 млрд. теңге шамасында. Соның нәтижесінде аймағымыз республика көлемінде алдыңғы қатарда.
Дарынды балаларға да назар айрықша. Олар аймақтағы 7 мамандандырылған арнайы мектеп, 40 гимназия мен лицейлерде білім алуда. Үздіксіз білім беру жүйесін қалыптастыру жүріп жатыр. Колледждердің 60%-ы оқытудың жаңа әдістерімен, интерактивті құрал-жабдықтармен білім алуда.
Сапалы білім беру үшін ұстаз білікті болуы – басты шарт. 1000-нан аса ұстаз жаңа форматтағы сертификаттардың иегері атанды. Жыл соңына дейін тағы 422 ұстаз біліктілігін арттырмақшы. Биылдың өзінде 495 жас маман толықтырды қастерлі мамандық қатарын. Оның 202-і ауылға аттанды. Аймақтың ауыз толтырып айтар жетістіктері ұстаздардың ерен еңбегінің жемісі екені сөзсіз.
Осымен сегізінші рет ұйымдастырылған салтанатта 14 мұғалім білім қызметкерлеріне арналған облыс әкімінің сыйлығы мен 200 мың теңге алды. Марапатқа ие болғандар қатарында білім саласының барлық кезеңдерінің өкілдері қамтылды.
– «Мектепке дейінгі ауылдық ұйымның үздік педагогі» – Елена Мелекесцева, «Бөбек» балабақшасының педагог-дефектологы, Абай ауданы;
– «Мектепке дейінгі қалалық ұйымның үздік педагогі» – Күлпаш Жәкішева, №15 орта мектептегі шағын орталықтың әдіскері, Балқаш қаласы;
– «Балалар үйлерінің үздік педагогі» – Александра Францен, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық балалар үйінің мұғалім-логопеді, Қарағанды қаласы;
– «Арнайы түзету интернаттарының үздік педагогі» – Владислав Шалль, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың информатика пәні мұғалімі;
– «Ауылдық мектептердің бастауыш сыныптарының үздік мұғалімі» – Гүлзира Қожаханова, Ю.Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Жаңаарқа ауданы;
– «Қалалық мектептердің бастауыш сыныптарының үздік мұғалімі» – Татьяна Банит, №22 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Жезқазған қаласы;
– «Ауыл мектебінің үздік пән мұғалімі» – Қайрат Оспанов, Ростов орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі, Бұқар жырау ауданы;
– «Қала мектебінің үздік пән мұғалімі» – Анна Брыксина, №23 орта мектептің билогия пәні мұғалімі, Теміртау қаласы;
– «Инновациялық ұйымдардың үздік педагогы» – Бақыт Бексейітова, дарынды балаларға арналған №7 Жамбыл атындағы мектеп-интернаттың педагог-психологі, Қарағанды қаласы;
– «Қосымша білім берудің үздік педагогі» – Светлана Ким, №38 гимназияның корей соқпалы аспаптары ансамблінің жетекшісі, Қарағанды қаласы;
– «Өндірістік білім берудің үздік шебері» – Михаил Фольц, Қарағанды машинақұрылысы колледжінің өндірістік білім беру шебері;
– «Арнайы пәндердің үздік оқытушысы» – Құралай Оқасова, Жаңаарқа аграрлық колледжінің арнайы пәндерінің оқытушысы;
– «Мамандыққа адалдығы үшін» – Тұрсын Бейсембекова, №39 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі, Қарағанды қаласы;
– «Пән олимпиадаларының жеңімпаздарын тәрбиелеген үздік педагогі» – Жанар Ақашева, дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернатының физика пәні мұғалімі, Қарағанды қаласы.
Сонымен қатар, «Білім беру ісін дамытуға қосқан үлесі үшін» аталымы бойынша 1 млн. теңге арнайы сыйлық табыс етілді. Олар:
– Тілек Сәдуақасов, Қарқаралы аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы;
– Гүлжан Оразғұлова, «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының орынбасары;
– Шынар Жанасылова, Сәтбаев қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.
Жиналғандарға амандық-саулық тілеген аймақ басшысы, бұл сыйлықтың ұлағатқа толы мамандық иелеріне деген айрықша құрметтің белгісі екендігін айтты. Марапатқа ие болған мұғалімдер атынан Шынар Жанасылова алғыс білдірді.
Зердемізді ашып, өмірлік азық берген ұстаздарға әрқайсымыз да қарыздармыз. Оларды қалай ардақтасақ та жарасымды. Есімдері есімізде мәңгі жатталары анық.
Жансая ОМАРБЕКОВА
Жаңалықтардың лентасы

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
23 Қазан 2013
Караганда Другие города
+2 °C
без осадков,облачно
Ю-З, 2 м/с
23 Қазан 2013
Доллар США   153.78
Евро   210.23
Российский рубль   4.82
© 2005-2020 Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы