Арқадан Сыр еліне домбыра болып барып, қобыз болып оралдық...
«Сыр елі – өнер ордасы» атты Қызылорда облысының мәдениет және өнер күндерінің кеншілер қаласында өткенін көпшілік ұмыта қоймаған болар. Міне, енді қарағандылықтар Сыр еліне «Сарыарқам – сайран елім» атты бағдарламен келді.
Өткен сенбіде 2013 жылдың 9 айындағы облысымыздың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 11 қазан күнгі Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың міндеттеген тапсырмаларды талқылауға арналған облыс әкімдігінің отырысы өтті.
Соңғы 5-6 жылда жәрмеңке Ленин көшесінде өткізіліп келген болатын. Биылғы жәрмеңкеге арналған палаткалар Олимпийская көшесіндегі Машина зауытының ауласына сап түзепті. Қарағанды қаласындағы ең алғашқы жәрмеңке Михайловкадағы орталық базар Оңтүстік-Шығысқа көшірілгенде, 1987 жылы өткізілген еді. Араға оншақты жыл салып, осы тамаша дәстүр қайтадан жалғасын тапты.Содан бері мен осы шараның басы-қасында болып келемін.
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының жобаларын көпшілік талқылау жүргізілуде. Жобалар біздің Порталымыздың «Мемлекеттік қызметтер» бөлігінде жарияланған.
Өткен сенбі күні облыс әкімі Бауыржан Әбдішев санитарлық тазалық, абаттандыру мен көгалдандыру бойынша жарияланған күзгі екіайлық аясында ұйымдастырылған жалпыоблыстық сенбілікке қатысты.
Дарыны дара мұғалімдер төл мерекелері қарсаңында ерекше құрметке бөленіп, марапатқа ие болды. Кеше Кеншілер Мәдениет сарайында аймақтың ұстаздар қауымы бас қосты. Жүзден жүйрік шыққан аймақ ұстаздарына Қарағанды облысы әкімінің сыйлығы табыс етілді. Расымен де, мұғалім мерейі еселенген күн болды – бұл.
3 қазан күні облыстық әкімдікте облыстық мәслихаттың бюджет және қаржы жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Аталмыш комиссияның төрағасыЖомарт Таласбеков ашып жүргізген жиынға облыстық мәслихат хатшысы Нұрлан Дулатбеков, комиссия мүшелері мен облыстық департамент және басқарма өкілдері қатысты.
Қазақ халқы талайлы тағдырында ұлтқа ұстын болған хандардан, ел қорғаған батырлардан, кемел билерден кенде болмаған. Солардың қатарындағы шоқтығы биік ұлы тұлғаның бірі - биыл 300 жылдығы аталып өтетін Абылай хан. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі санында жарияланған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абылай аңсаған азаттық» атты мақаласында айтылған.