21 қаңтарда облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов Қазақстан Республикасындағы Венгрия Республикасы Елшісінің міндетін атқарушы Надь Петр мен «Атон Инвест» коммерциялық және инвестициялық қоғамының (Венгрия) атқарушы директоры Шабуришвили Тариельмен кездесті.
17 қаңтарда облыс әкімінің міндетін атқарушы Ғабит Мұхамбетов кеңейтілген кеңес өткізіп, онда құрылыс, сәулет, жолаушылар көлігі саласындағы 2012 жылғы жұмыс қорытындысы мен 2013 жылғы міндеттер жайы қаралды.
9 қаңтарда Қарағанды облысы әкімінің міндетін атқарушы Ғабит Мұхамбетов қаржы басқармасы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өткізіп, онда аталған мекемелердің 2012 жылғы жұмыс қорытындысы мен 2013 жылғы жоспарлары талқыланды.
4 қаңтарда облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов өткізген селекторлық кеңесте қыс мезгіліндегі автомобиль жолдары мен басқа да аумақтарды қардан тазалау мәселелері қаралды.
4 қаңтарда облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов Ұлы Отан соғысының ардагері, Қарағанды көмір бассейнінің қарт еңбеккері Әбушахма Бекенұлы Бекбалақовты 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Сәкен театры биылғы Жаңа жыл шыршасын да дүркіретіп өткізді. Балаларға базарлық ретінде жаңадан Ш.Перроның «Күн қыз» /аударған Е.Сегізбаев/ атты ертегісін /қоюшы режиссері Д.Жұмабаева, суретші Т.Аккерт/ дайындап, Аяз Ата мен Ақшақар өнер көрсеткен балаларға тамаша сыйлықтары мен тәттілерін үлестірді.
Міне, енді санаулы күндерден кейін жаңа 2013 жыл табалдырығымыздан аттайды.
Тарих еншісіне жылжып еніп бара жатқан жылға да алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Бұл жыл еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде аса маңызды оқиғалармен айшықталды.
Бейсенбі күні облыс әкімдігінде аймақ басшысы Әбілғазы Құсайыновтың төрағалығымен үдемелі индустриалдық-инновациялық дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға қатысты Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.