Сенбі, 14 қыркүйек күні облыс әкімі Б.Әбдішев балалар үйінің түлектері білім алып жатқан оқу орындары мен тұрып жатқан жайларына барды.
Атап айтқанда, Бауыржан Түйтеұлы «Мирас» жастар үйінде болып, «Таңшолпан» және «Әсем» балалар үйлерінің 35 түлегінің тұрмыс ахуалымен танысты. Сондай-ақ, №2 Қарағанды агротехникалық колледжінің шеберханалық кешеніне бас сұқты.
Сейсенбі күні облыс орталығында ІХ облыстық үкіметтік емес ұйымдардың форумы өтті. «Нұр Отан» ХДП Қарағанды облыстық филиалында өткен форумға аудан-қалалардағы үкіметтік емес ұйымдар, облыстық басқармалар мен департамент басшылары, әкімдердің орынбасарлары, жергілікті жерлердегі ішкі саясат бөлімдерінің жетекшілері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Аймақ басшысының жұмыс сапары «Қарағанды Құс» ЖШС-нің құс фабрикасынан басталды. Мұнда қазір «Тауарлық жұмыртқа өндірісі бағытында құс фабрикасын жаңғырту» жобасы қолға алынып, Индустрияландыру картасына ұсынылған. Сондай-ақ, облыс әкімі сол күні «Возраждение ХХІ» ЖШС-нің қаз фермасында болды. Шаруашылық жағдайымен танысып, мұндағы өнім көлемі мен жұмысты ұйымдастыру бағыттарына назар аударған аймақ басшысының сапары бұдан әрі «Разрез «Кузнецкий» ЖШС-де жалғасты.
1 қыркүйек – Білім күнінде еліміздің әр түпкірінде күміс қоңыраудың сыңғырлаған үні естілді. Осы атаулы мерекеге орай облыс әкімі Бауыржан Әбдішев Назарбаев зияткерлік мектебінің ұстаздары мен оқушылар қауымын құттықтауға арнайы барды.
Кеше, 28 тамыз күні Қарағанды қаласындағы Кеншілердің мәдениет сарайында еліміздің Негізгі Заңы – Конституция күнін атап өтуге арналған салтанатты жиын болып өтті. Бұл жиынға барлық қалалар мен аудандардың өкілдері, ұлттық мәдени орталықтардың белсенділері, үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партиялардың, ардагерлер мен жастар ұйымдарының өкілдері, қала жұртшылығы және БАҚ өкілдері қатысты. Алдымен, сахнаға Қазақстанның Туы салтанатты жағдайда қойылды. Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды.
20 тамызда облыс әкімі Бауыржан Әбдішевтің қатысуымен «Білім мен тәрбие сапасы – Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басымдықтары» тақырыбында аймақ ұстаздарының тамыз мәслихаты болып өтті.
Беларусь елінің делегаттары Қарағандыға табан тіреді. Минскіден жеткен меймандар аймақ басшысымен бірге Қарағанды құрастырып шыққан «ҚазБелАЗ» көлігін пайдалануға берді. Жүк көлігінің лентасын кесу мәртебесі – облыс әкімі Бауыржан Әбдішев пен Минск қаласының облыстық атқару комитетінің төрағасы Борис Батураға бұйырды. Бұл айтулы шара – Қарағанды құю-машинақұрастыру зауыты «Қазақмыс корпорациясының» филиалында өтті. Беларустық қонақтардың келісі осынау шараға арнайы орайластырылған. Қонақтардың тамашалауына ұсынылған 45 тонналық «ҚазБелАЗ» кеніштік жүк көлігі. «БелАЗ-7547» кеніш жүк көлігінің құрастырылуы «БелАЗ» ААҚ-ның технологиялық құжаттамасы мен жинақтамасы арқылы қазақстандық СТ-КZ №3 1000499 сертификаты арқылы жасалған. Мұнда қазақстандық үлес 15,3 пайызды құрайды.
Отандық тауар өндірушілердің талабын ұштап, намысын жануды мақсат тұтқан көрме-байқау өзінің үздіктерін анықтады Қарағандыда.«Қазақстанның үздік тауарлары» өңірлік көрме-конкурска Қарағанды аймағының 50 кәсіпорны мен ұйымы қатысты. Бұдан бөлек, конкурстан тыс Алматы және Шығыс Қазақстан облысының 8 кәсіпорны келді.