13 қазанда облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов Нұра ауданына жұмыс сапарымен барып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымен танысып, бірқатар агроөнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды аралады.
10 қазанда облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов 2012 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Жезқазған, Сәтпаев және Ұлытау өңірлерін әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыру барысына арналған кеңес өткізді.
10 қазанда облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов өткізген селекторлық кеңесте ағымдағы жылдың 9 айындағы облыс бюджетінің орындалуы мен конкурстық үдерістерді өткізу барысы қаралды.
4 қазанда облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов «Назарбаев Университет»өкілдерімен кездесті. Меймандарды осы оқу орнының Атқарушы Кеңесінің төрағасы Аслан Саринжипов бастап келді.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен облыс әкімі Әбілғазы Құсайыновтың өкімімен Ыдырысов Асқар Абылайұлы облыс әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
3 қазанда Нұра ауданының Киевка кентінде дауылпаз ақын, қарымды қаламгер, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллинннің ескерткіші ашылды.