Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1993 жылдың 15 қарашасындағы Жарлығымен ұлттық валютамыз - төлтеңге айналымға енгізілді. Бұл күн тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы ең бір айтулы күнге айналды, ал төлтеңгеміз Әнұранымыз, Көкбайрағымыз бен Елтаңбамызбен қатар мемлекеттік нышандардың қатарынан ойып орын алды.
Сәкен театры жақында ғана облыс әкімінің нұсқауын жүзеге асыру мақсатында және 80 жылдық мерейтой қарсаңында есеп беру мақсатымен Ақтоғай ауданында өнерлерін көрсетіп қайтты.
7 қарашада Кеншілер Мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Чемпионатының екі дүркін жеңімпазы атанған «Шахтер» командасының футболшыларының құрметіне салтанатты кеш болып өтті.
Қуаңшылықтан зардап шеккен шаруалардың несиелері бойынша берешектерінің мерзімін ұзартуға уақыттары бар. «ҚазАгро» қаржылық міндеттемелерді орындау мерзімін кейінге шегеру бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен өтінім қабылдау мерзімі 2012 жылдың 20 қарашасына дейінұзартылғаны жөнінде хабарландырады. Ұлттық холдингте айтып кеткендей, аталмыш акция қиын жағдайда қалған қарыз алушылардың қаржылық ахуалын жақсартуға мүмкіндік беруге тиісті.
5 қарашада мемлекеттік қызметшілерді оқытудың өңірлік орталығында «Агроөнеркәсіп саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру» тақырыбында аудан әкімдерінің орынбасарлары, селолық округ әкімдері, ауыл шаруашылық бөлімдерінің бастықтарына арналған курстар басталды.
1-2 қарашада Қарағанды облысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму жөніндегі комитетінің төрағасы Сейітсұлтан Әйімбетов бастаған делегация мүшелері жұмыс сапарымен болды.
25 қазанда облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: алғышарттар, жетістіктер мен даму жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.