Қазақ халқы талайлы тағдырында ұлтқа ұстын болған хандардан, ел қорғаған батырлардан, кемел билерден кенде болмаған. Солардың қатарындағы шоқтығы биік ұлы тұлғаның бірі - биыл 300 жылдығы аталып өтетін Абылай хан. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі санында жарияланған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абылай аңсаған азаттық» атты мақаласында айтылған.
Діннің діттегені – бүлік емес, елді иман жолында ұйытып, ынтымақ пен бірлікте ұстау. Оның ішінде, исі қазақ баласы ислам дінін қабылдағалы 12 ғасыр өтіпті. Бүгінде елімізде осы дін қанат жайып, өркендеп келеді. Жаңа мешіттер бой көтеріп, ғибадатханалар салынған сайын ел иманға бет бұруда. Бұл – мемлекетіміздің біртұтастығына бірден-бір негіз.
Үстіміздегі жылдың сегіз айында облыс бойынша 59 шенеунік жемқорлық әрекеттері үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы «Нұр Отан» ХДП жанындағы Жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің Қарағандыда өткен көшпелі мәжілісінде мәлім болды.
Кеше, облыс әкімі Бауыржан Әбдішев тәртіп сақшылары жаттығу жұмыстарын жасайтын «Динамо» спорттық кешенінде болып, күрделі жөндеуден өткен ғимараттың ашылу салтанатына қатысты.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытында» медициналық қызметтерге қолжетімділік пен қызмет көрсетуді жетілдіру, сондай-ақ салауатты өмір салтын iлгерiлету мемлекетті әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жаңғыртудың басым бағыттарының бірі болып анықталды.
30 қыркүйектеҚарағанды мемлекеттік техникалық университетінің конференц-залында «Әлеуметтік шиеленістің алдын алу және әлеуметтік-еңбек дау-дамайларын шешудің жолдары мен әдістері» атты республикалық семинар өтті.
Жұма күні қарағандылық «Сарыарқа» ХК Жоғарғы хоккей лигасы чемпионаты шеңберінде Ресейдің Саров қаласының «Саров» командасын қабылдады. «Қарағанды – Арена» Мұз сарайында өткен матчты жанкүйерлермен бірге облыс әкімі Бауыржан Әбдішев те тамашалады.
Өткен жұмада облыс әкімі Бауыржан Әбдішев жұмыс сапарымен Осакаров ауданына барды. Бірнеше бизнес және әлеуметтік нысандармен, шаруа қожалықтарының жай-күйімен танысты. Орақ науқанының барысын бақылады.
Өткен жұмада облыс әкімі Бауыржан Әбдішев жұмыс сапарымен Осакаров ауданына барды. Бірнеше бизнес және әлеуметтік нысандармен, шаруа қожалықтарының жай-күйімен танысты. Орақ науқанының барысын бақылады.