АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Месси төрт дүркін «Алтын допты» алды, Йохан Кройфф, Роналдулар алды. Бұлар шынымен үздік. Бірақ «Алтын допты» қос қолына ұстап, ернін тигізіп көрмегендер бар. Олардың өзі қайталанбас дара ойыншылар.«Аламан» «Алтын допты» алып көрмеген алтын футболшылардың ондығын жариялады. Бұлар «Алтын допты» алған футболшылардың кейбірінен өз клубында танымал, аңыз ойыншылар болып үлгергендер.
АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Google компаниясы өзінің интернет-браузері Chrome үшін uProxy қосымшасын әзірледі. Ол арқылы интернет пайдаланушылар елде белгілі бір себептермен жабық тұрған сайттарға еш кедергісіз қосыла алады. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады.
АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Бүгінде баспаналы болу оңай шаруа емес екендігі баршамызға мәлім және бұл қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі десек жаңылмаймыз. Атап айтқанда, ел азаматтарының басым бөлігі пәтерді нарықтық бағамен алуға қауқарсыз. Сондықтан бүгінде елімізде осы мәселені шешу үшін тиісті бағдарлама да жүзеге асырылуда. Осы орайда Министрлер кабинетінің бүгінгі отырысында «Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы талқыға салынды.