БРЮССЕЛЬ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Бельгиялықтар Еуроодаққа мүше елдердің тұрғындары арасында ең бай адамдар болып табылады, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.
БРЮССЕЛЬ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Бельгиялықтар Еуроодаққа мүше елдердің тұрғындары арасында ең бай адамдар болып табылады, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.«Еуростат» еуропалық статистикалық агенттігінің мәліметтеріне сілтеме жасаған бельгиялық баспасөздің хабарлауынша, Бельгияның үй қожалықтарының қаржылық жағдайы 981 млрд. еуроға жетеді. 210,9 млрд. еуроны құрайтын қарыз деңгейін есепке алғанда жинақтың жалпы деңгейі 770,2 млрд. еуроны құрайды.
Бір бельгиялықтың орташа жинағы 67 158 еуроны құрайды. Қорлары бойынша екінші орында Нидерланды тұрғындары, олардың әрқайсысында орташа есеппен алғанда 61 219 еуро көлеміндегі жинақтары бар, үшінші орында - Люксембург (60 366 еуро), төртінші - Германия (38 302 еуро). |