АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Елордада 2013 жылдың басындағы мәлімет бойынша жалпы үйдегі жылу есептегіш құралы 1 964 тұрғын үйдің 794-іне орнатылған. ПИК-тің 303 үйіне тексеру жүргізіп, есептегіш құралдарды қондыру қажеттігі туындайды,
АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Елордада 2013 жылдың басындағы мәлімет бойынша жалпы үйдегі жылу есептегіш құралы 1 964 тұрғын үйдің 794-іне орнатылған. ПИК-тің 303 үйіне тексеру жүргізіп, есептегіш құралдарды қондыру қажеттігі туындайды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімі аппаратының тіршілік және инфрақұрылымды дамыту бөлімінен.
Еске салайық, 2012 жылдың 1 қазанынан бастап Астана қаласының Табиғи монополияларды реттеу департаменті жылу қуатын есептеу құралдарының бар-жоғына байланысты жылу есептеудің дифференциалды тарифін енгізді.
Елорданың ресми сайтының жазуынша, ТМРАД бекіткен ережелерге сәйкес жалпы үйде орнатылған жылу қондырғылары бар тұрғындар мұндай құрылғыны орнатудан бас тартқан тұрғындарға қарағанда жылуға 20% аз төлейді. Есептеу құрылғысын орнатқан заңды тұлғалар үшін де тариф босату тарифінен 8,2% төмен.
«Тұтынушылар жалпы үйлік жылу есептегіш құралын сатып алғаннан кейін, ПИК (қызмет көрсетуші мекеме) электр қуатын беретін «Астана-Жылутранзит» АҚ-ға құрылғыны тексеріп, коммерциялық есепке алу үшін өтінім беру қажет. Рәсім пайдалануға беру туралы екі жақты актінің қол қоюымен аяқталады. Орнату және есептеу құрылғысын қалпына келтіру бағасы тұрғын үйдің жылуды жұмсауына байланысты болады. Тексеру бағасы 65-тен 75 мың теңгеге дейін құрайды. Жылу есебі жүйесі қондырғысын сатып алып, қондыру жұмыстары тұтынушының қаржысы есебінен жүргізіледі», - деп жазады елорда сайты.
Ай сайын тұтынушыға жылумен қамтылғаны үшін тариф гидрометеорологиялық орталығы мониторингі ұсынған сырттағы ауа температурасына байланысты есептеледі. Мәселен, күн райының 20 градус суықтығында есептегіш құрылғы орнатпаған тұтынушы орташа тарифпен 134,18 теңге төлесе, құрылғымен 68 теңге төлейді. Бұл көрсеткіш 49,3%-ға аз көрінеді. |