ОРАЛ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында өткен жылы негізгі қаржыға 166. млрд. теңге инвестиция қосылды.
ОРАЛ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында өткен жылы негізгі қаржыға 166. млрд. теңге инвестиция қосылды.Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, осының басым көпшілігі, атап айтқанда, 68,2 пайызы өнеркәсіп саласына жұмсалды. Сондай-ақ 9,9 пайызы - жылжымайтын мүліктермен жасалатын операцияларға, 6,1 пайызы - көлік және қоймалауға, 3,6 пайызы білім беру, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметке бағытталды.
Өңірдегі инвестицияның қомақты бөлігі Бөрлі (67,1 млрд. теңге), Зеленов (41,5 млрд. теңге) аудандары мен Орал қаласының (36,6 млрд. теңге) үлесінде. |