Размер шрифта:




Цвет сайта:

белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст
Размер шрифта:

Қазақстан жаңалықтары

Ел-жұрттың талабы ескерусіз қалмайды - БҚО
18.01.2013
ОРАЛ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Ел-жұрттың орынды талап-тілектері ескерусіз қалмайды. Бұл туралы Елбасы Жолдауын түсіндіру мақсатында өңірге келген Сенат және Мәжіліс депутаттарының Теректі ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтылды.

ОРАЛ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Ел-жұрттың орынды талап-тілектері ескерусіз қалмайды. Бұл туралы Елбасы Жолдауын түсіндіру мақсатында өңірге келген Сенат және Мәжіліс депутаттарының Теректі ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтылды.

Халық қалаулылары алдымен бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, мемлекет басшысының тапсырмасымен өңірде атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Қабибола Жақыпов, сенаторлар Рашит Ахметов пен Ерболат Мұқаев, сондай-ақ Мәжіліс депутаттары Самиғолла Оразов, Шавхат Өтемісов, Елена Тарасенко, Виктор Киянский алдымен аудан орталығындағы «Үмбетияров» жеке кәсіпкерлігінің газоблок шығаратын цехында болды. Өндіріс орнының басшысы Ильдар Үмбетияровтың айтуынша, кәсіпорын өндіріс қуатын арттырып, өнімін молайту үшін былтыр «Даму» қоры арқылы 20 млн.теңге несие алған. Қазіргі таңда облыс бойынша тапсырыс алып, батысқазақстандықтарды сапалы құрылыс материалымен қамтып отыр.

Бұдан соң депутаттар тұңғыш Президент күні мейрамына орай ашылған Тәуелсіздік монументіне тағзым етіп, Федоров ауылындағы жаңартылған стадионды көрді. Аталған спорттық нысан өткен күзде жөндеуден өтіп, уақыт талабына сай шағын футбол, баскетбол, волейбол алаңдары, жүгіру жолы салынған еді. Сондай-ақ Достық үйінде болып, өңірдегі ұлтаралық, дінаралық келісімді нығайту мақсатында жұмыс істеп жатқан шығармашылық орталықтың тыныс-тіршілігімен танысты. Достық үйінде Теректі жерін мекендеген әр халықтың ұлттық ерекшеліктеріне, мәдениетіне қарай арнайы бұрыштар көрнекілік заттармен, қолөнер бұйымдарымен, тарихи жәдігерлермен жасақталған.

Аудан орталығындағы нысандарды аралау кезінде депутаттар өткен жазда басталған дене шынықтыру, сауықтыру кешенінің құрылыс жұмысымен танысты.

Депутаттардың аудандағы сапары мәдениет үйіндегі кездесуге жалғасты. Жиында алдымен Қабиболла Жақыпов Жолдауда жүктелген негізгі міндеттерді, әр саладағы атқарылуы тиіс жұмыстарды саралап шықты. Бұдан соң тұрғындар көкейде жүрген түрлі сауалдарын қойды. Мәселен, аудандық мәслихат депутаты Дариға Мұштанова Федоров ауылындағы ауыз су мәселесін, аудан әкімінің кеңесшісі Мұсағали Төлегенов тоғыз жолдың торабында орналасқан 9 мыңға жуық халқы бар Подстепный ауылы мен Жаңа өмір елді мекені тұрғындары үшін мәдениет үйінің қажеттілігін алға тартты. Халық қалаулылары көтерілген мәселелердің шешілуіне ықпал етіп, ел-жұрттың талабының ескерусіз қалмайтынын тілге тиек етті. Кейбір түйткілдердің заң аясында ғана реттелетінін түсіндірді.

Жиында сондай-ақ аудан әкімінің міндетін атқарушы Абзал Бралиев Елбасы тапсырмасымен, мемлекеттік бағдарламалар арқылы өңірде қолға алынған, атқарылған жұмыстарды мәлімдеп, осындай кездесулердің тұрғындар үшін маңыздылығын атап өтті.

  << Жаңалықтарға оралу

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
14 Наурыз 2013
Караганда Другие города
+5 °C
без осадков,ясно
Ю, 8 м/с
14 Наурыз 2013
Доллар США   150.85
Евро   196.36
Российский рубль   4.91
© 2005-2020 Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы