Размер шрифта:




Цвет сайта:

белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст
Размер шрифта:

Қазақстан жаңалықтары

19 қаңтар. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР
19.01.2013
АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2013 жылғы 19 қаңтарға арналған күнтізбесін ұсынады.

АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2013 жылғы 19 қаңтарға арналған күнтізбесін ұсынады.

19 қаңтар  СЕНБІ

Беларус құтқарушылары күнi.

 Робер Лидің туған күні. 19 қаңтарда Америкада көрнекті әскербасы Роберт Эдвард Лидің (1807-1870) туған күні аталып өтіледі. Роберта Ли - атақты американ қолбасшысы, 1861-1865 жылдары азамат соғысында оңтүүстіктік-конфедераттар армсиясының қолбасшысы болды.

Аргентинадағы карнавал күні. (2013 жыл үшін). Ол дәстүрлі түрде Гуалегуячу қаласында өтеді. Ол елде екі айға созылады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

21 жыл бұрын (1992) Алматыда Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы біріккен мәлімдеге қол қойылды.

7 жыл бұрын (2006) Атырауда жаңа жасанды ұшыру-қону алаңы пайдалануға беріліп, оған «Боинг-757» ұшағы алғашқы болып ресми түрде келіп қонды. Ұшыру-қону алаңының ұзындығы - 3000, ені - 45 метр. Екі қапталында әрқайсысының ені 7,5 метр қауіпсіздік жолақтары бар. Жаңа алаңның ұзындығы бұрынғыдан 650 метрге, ені 16 метрге ұзарған. Жобалау жұмыстарын әлемнің 60 елінде 500 жобалау жұмыстарын атқарған Голландияның «NACO B.V» фирмасы жүргізді. Бұл - барлық үлгідегі әуе кемелеріне қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін Қазақстандағы ең берік алаң болып табылады.

73 жыл бұрын (1940) Қазақ мемлекеттік шет тілдер мұғалімдер институтының негізі қаланды (қазіргі - Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті). Бүгінгі таңда университет Қазақстан және шетел мемлекеттерінде беделі өскен оқу-ғылыми кешендерінің бірі болып табылады.

4 жыл бұрын (2009) Қызылордада «Ақ орда» республикалық қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің «Ұшқыр жебе» атты жастар қанаты құрылды. Жаңа құрылымның негізгі мақсаты - жастардың қоғамдағы белсенділігін арттырып, талантты және өнерлі жастардың шығармашылығын шыңдау болып табылады. Оларды ғарыштық және ғылыми-техникалық мамандықтарға баулығаннан кейін азаматтық қоғам институттарын құру арқылы құқық бұзушылыққа қарсы күрес белсенділігі арттырылады.

4 жыл бұрын (2009) 28 күмiс шақа Атырау мұражайы қорын толтырды. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі шектеулі тиражпен шығарылған 28 күмiс естелік шақаларын Атырау филиалына тапсырды.

3 жыл бұрын (2010) Астанадағы Президенттік Мәдениет орталығында жаңадан құрылған Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қауымдастығы (ҚТӘМ) алғашқы басқосуын өткізіп, «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың инновациялық технологиялары» тақырыбында семинар өткізді.

Қауымдастықтың басты мақсаттары - орыс мектептерімен және мектепке дейінгі мекемеде қазақ тілін оқытудағы инновациялық шешімдерді іздестіру, қазақтың дәстүрлерін көпшілікке тарату, балалардың отансүйгіштік қасиетін ояту.

3 жыл бұрын (2010) Алматыда көшбасшылық бойынша коуч-кеңесші, ресейлік Марина Петрованың «Рафтинг» деп аталатын кітабының таныстырылымы болып өтті.

Шығармада төрт сыныптас достардың, бір демалысқа барғандағы  оқиғалары суреттеледі. Сол демалыстан олардың өмірлері қатты өзгеріп, кейіпкерлер өздерін танып, махаббаттың не екенін түсініп, жаңадан өмір сүруге үйренеді. Кітап барлық кітап сүйер оқырмандарға арналған.

3 жыл бұрын (2010) «Республика» жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылардың өткен жылғы жеке зейнетақы шоттарының жай-күйі туралы ақпаратты тарататын онлайн-хабарлама қызметін іске қосты. Электрондық ақпаратқа қол  жеткізу туралы тиісті келісім жасаған салымшылар интернет арқылы өзінің жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы мәлімет алуға мүмкіндігі бар. Аталмыш қызмет Қазақстанның барлық аумағында тегін рұқсат етілген.

7 жыл бұрын (2006) Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрында «Қазақтар» атты тарихи драманың премьерасы болды. Соңғы жылдары республикамызда қазақ тарихын оқуға назар салынып жүр, жаңа деректер, және көрнекті ғалым және әдебиетшілердің қызықты жарияланымдары табылып жатыр. Солардың қатарына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, белгілі қаламгер Қалихан Ысқақтың «Қазақтар» атты роман-диалогы жатады. Жаңа спектакль осы шығарма бойынша қойылған. Спектакльде ұлт тарихының, сонымен қатар қазақ мемлекеті құрылуының өзекті мәселелері көтерілген.

Спектакльдің қоюшы-режиссері - Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұңғышбай әл-Тарази, ол Жәнібек хан рөлін сомдайды, композиторы - Әділ Бестібаев. Спектакльге қатысқандар Қазақстан Республикасының еңбек сіңіірген әртісі Айдос Бектемір (сұлтан Керей), Қазақстан Жастар одағы сыйлықтарының лауреаттары Ерлан Біләл (Мұхаммед Шайбани) және Асылбек Боранбай (Қасым төре), әртіс Бауыржан Қаптағай (Қойгелді батыр).

5 жыл бұрын (2008) Оралда Ғабдолла Тоқайдың Орал орталығының төрағасы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Разақ Әбузаровтың редакциялауымен «Еуразиялық ойлауды қалыптастыру мәселелері» атты кітабы жарық көрді.

Бұл жинаққа 35 автор - ғалымдар, тарихшылар, өлкетанушылардың еңбектері топтастырылған. Бұл Ғ.Тоқайдың Орал орталығының Орал, Қазан жұртшылығымен, Еуразиялық кеңістік ғалымдарымен 12 жылдық жұмысының нәтижесі іспеттес. Еуразиялық идеяны жүзеге асыру Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан бастау алғаны белгілі. Кітапта осы идея негізгі арқау болып тартылған. Қазақстан, Татарстан, Ресей Федерациясы, Қырғызстан ғалымдарының еңбектерінде еуразиялық ойлауды қалыптастыру, жаһандану жағдайында тілдің, ұлттық құндылықтардың жойылып кетпеуі, дінаралық келісім және басқа өзекті мәселелер кеңінен сөз болады.

5 жыл бұрын (2008) Алматы қалалық денсаулық сақтау департаментінің ресми сайтының тұсауы кесілді.

Алматы қаласы бойынша 2005-2010 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамыту және реформалау мемлекеттік бағдарламасы аясында жасалған сайт www.almatyzdrav.kz атауын иеленген. Сайт тұрғындардың медициналық қызмет туралы толыққанды ақпараттар алуына негізделген. Одан қаладағы медициналық мекемелер туралы ақпараттар алуға, негізгі нормативтік құжаттар, заңдар, тарихи ақпараттар, арнайы бюллетендер, фото, видео, аудио материалдар табуға болады. Сондай-ақ өтініш шағымдардың электронды формалары қарастырылған, интернет мәжілістер, сараптамалық талқылаулар өткізу жүйесі қарастырылған.

3 жыл бұрын (2010) Қарағанды облысындағы Жезқазған қалалық мәслихатының шешімімен қаланың екі - Маяковский және Горький көшелерінің атаулары өзгертілді.

Олар бұдан былай белгілі жерлестерінің - Ошақбай Асылбековтің және Камал Смаиловтың аттарымен аталады. Бұрынғы партия қайраткері Ошақбай Асылбеков кеңес дәуірінде Жезқазғанның қалыптасуына және дамуына үлес қосты. Ол «Жезқазғанның құрметті азаматы» атағын алған. Камал Смаилов Ұлытау ауданының тумасы - жазушы-публицист, кинотанушы, Қазақстан Республикасының еңбек сііңірген қызметкері, профессор.

ЕСІМДЕР

200  жыл бұрын (1813-1898) ағылшын өнертапқышы, Лондон королдік қоғамының мүшесі БЕССЕМЕР Генри дүниеге келді.

Ол ауа үрлеу арқылы сұйық шойынды болатқа айналдыру тәсілін ашқан. Бұл тәсіл Бессемер процесі деп аталады. Өнертапқыш бұдан басқа да әртүрлі техникалық жаңалықтары үшін 100-ден астам патент алған.

204 жыл бұрын (1809-1826) американ жазушысы, ақын, сыншы, детективті жанр ретінде қалыптастырған қаламгер ПО Эдгар дүниеге келді.

48 жыл бұрын (1965) бокстан еңбек сіңірген спорт шебері, әлем, Еуропа және КСРО чемпионы РУЖНИКОВ Игорь Иванович дүниеге келді.

Қарағанды облысының Теміртау қаласында туған.

КСРО чемпионаты және КСРО халықтары ІХ Спартакиадасының үш қола медалінің иегері. 1986 жылғы Мәскеуде өткен Өз Еріктері ойындарының жеңімпазы.

1990 жылдан кәсіпқой бокспен айналысады. 1994-1995 жылдары АҚШ-та бірнеше рет жекпе-жек өткізген.

32 жыл бұрын (1981) жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының құрама командасының мүшесі, Азияның, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының рекордсмені МЕЛЕШЕНКО Евгений Василевич дүниеге келді. Көкшетау қаласында туған. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау  мемлекеттік университетін бітірген.

Азия біріншілігінің, Қазақстан халықтары спартакиадасының, Бүкілқазақстандық универсиаданың, Алматы, Бішкек, Екатеринбор, Мәскеу қалаларында өткен Халықаралық турнирлердің жеңімпазы, Мәскеу қаласында өткен «Кубок Надежды» халықаралық турнирінің күміс жүлдегері атанған. Тайланд, Үндістан, Филиппин, Италия, Грекия, Польша, Швейцария елдерінде гран-При сериясы бойынша өткен Халықаралық турнирлердің жеңімпазы болған. Ғұсман Қосанов атындағы Халықаралық турнирдің жеңімпазы және рекордсмені. Алғашқы жаттықтырушысы - Чуйко Василий Тимофеевич.

2004 жылы Афинада өткен Олимпиадалық ойындарға қатысқан.

«Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

55 жыл бұрын (1958) ҚР парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі ДОШАЕВ Ерген Николайұлы дүниеге келді.

Ақтөбе облысында туған. Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын, Мәскеу заң институтын бітірген. Институтты бітіргеннен кейін «Актюбинский вестник» облыстық газетінде тілші болып істеген. 1992-1996 жылдары Ақтөбе облыстық әкімшілігі Басшысы аппаратында баспасөз-хатшысы, баспасөз қызметінің жетекшісі, ішкі саясат және ақпарат бөлімінің меңгерушісі, көмекшілер мен кеңесшілер тобының жетекшісі болып істеген. 1996 жылы - Ақтөбе облтелерадиокомпаниясының төрағасы. 1996-1999 жылдары - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары. 1999 - 2002 жылдар аралығында - «Медимпекс» ЖШС-ның қаржы директоры, «Отандастар Полиграфия» ЖШС директоры. 2002 - 2006 жылдар аралығында - «Атырау Акпарат» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының төрағасы. 2003-2006 жылдары ІІІ-ші сайланған Атырау облыстық мәслихатының депутаты болды. 2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі аппаратының басшысы. 2007 - 2012 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының басшысы.

2012 жылғы қаңтардан бастап - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП-ның Парламент Мәжілісіндегі фракциясы Жетекшісінің бірінші орынбасары.

«Кұрмет», «Парасат» ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері.

47 жыл бұрын (1966) генерал-майор, «Астана» аймақтық қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы АЛТЫНБАЕВ Мүсілім Мұхтарұлы дүниеге келді.

1987 жылы Саратов жоғары скери-авиация ұшқыштар және штурмандар училищесін бітірген. 1987-1996 жылдары  КСРО/ҚР ӘҚК-де офицерлік лауазымдарда. 1998 жылы РФ Қорғаныс министрлігінің Әскери-дипломатиялық академиясын бітірді. 1998-1999 жылдары Қазақстанның АҚШ-тағы әскери атташесінің көмекшісі. 1999 жылдан - Қазақстанның АҚШ-тағы әскери атташесі.  2006 жылдан ҚР Қорғаныс министрлігінің Штаб бастықтары комитеті төрағасының орынбасары. 2010 жылғы наурыздан - қазіргі қызметінде.

39 жыл бұрын (1974) ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жауапты хатшысы ШӘЖЕНОВА Дина Мэлсқызы дүниеге келді.

Шымкент қаласында туған. «Сыртқы экономикалық қызмет» мамандығы бойынша Алматы Халық шаруашылығы институтын (Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын), Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын (Мәскеу қаласы) бітірген, Экономика магистрі дәрежесі, сондай-ақ қосымша «Іскерлік әкімшілендіру шебері» біліктілігі берілген.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын аяқтағаннан кейін еңбек жолын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде экономист лауазымынан бастап Департамент директорының орынбасарына дейін өсті.

2003 жылдың шілдесінен бастап Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде департамент директоры болып қызмет істеді. 2006 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазнашылық Комитетінің төрайымы болып тағайындалды. 2007 жылдың қазанынан бастап Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жауапты хатшысы лауазымында қызмет атқарды. 2010 жылдың наурызынан қазіргі күнге дейін Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің жауапты хатшысы болып қызмет істейді. 2013 жылғы қаңтардан қайта құрылған ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жауапты хатшысы.

«Құрмет» орденімен марапатталды. Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалдарының, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

277 жыл бұрын (1736-1819) шотланд инженері және өнертапқыш УАТТ Джеймс - дүниеге келді.

93 жыл бұрын (1920) перуан мемлекеттік және саяси қайраткері, 1982-1991 жылдардағы БҰҰ бас хатшысы  Перес де КУЭЛЬЯР дүниеге келді.

  << Жаңалықтарға оралу

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
16 Наурыз 2013
Караганда Другие города
-6 °C
без осадков,облачно
С-В, 6 м/с
16 Наурыз 2013
Доллар США   150.72
Евро   196.24
Российский рубль   4.91
© 2005-2020 Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы