Размер шрифта:




Цвет сайта:

белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст
Размер шрифта:

Қазақстан жаңалықтары

«Әскеріміздің әлеуеті жауынгерлік парадта танылады» - БАҚ-қа шолу
20.04.2013
АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» агенттігі республикалық басылымдарда 20 сәуір, сенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.

АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» агенттігі республикалық басылымдарда 20 сәуір, сенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.

***

7 мамырда өткізілетін жауынгерлік парад қарсаңында «Егемен Қазақстан» газеті  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Мұрат Майкеевпен сұхбаттасқан. Әңгімелесу барысында тілші сауалына егжей-тегжейлі жауап берген ол: «Жылдан-жылға жауынгерлік дайындықтың қарқыны арта түсуде. Армияны толығымен қайта қаруландыру жоғары деңгейде жүргізілуде. Қазақстан Қарулы Күштері қару-жарақтың және әскери техниканың жаңа үлгілерімен жабдықталуда. Қолда бар жауынгерлік техникалар қазіргі заманғы жағдайда қолдануға жетілдіріліп жатыр. Бір сөзбен айтқанда, отандастарымызға көрсететін іс-шаралар жетерлік.  Жауынгерлік парад Қарулы Күштер үшін қазақстандықтардың бойында мақтаныш сезімін тудырып, қоғамда әскери қызметтің және Отанды қорғаудың  түсіндіру жұмыстарын көтеруге кезекті қадам жасалатындығына, сондай-ақ өсіп келе жатқан ұрпақтың патриоттық сезімін қалыптастыруға жаңа серпін беретініне сенімдімін», - дейді. Сұхбат «Әскеріміздің әлеуеті жауынгерлік парадта танылады» деген тақырыппен берілген.

«2008 жылы басталған қаржы-экономикалық дағдарыс бүкіл әлемді шарпып, оның соңы жаһандық рецессияға ұласқаны белгілі. Түптеп келгенде, бұл жойқын дүрбелеңге түрткі - АҚШ-та басталған ипотекалық шиеленіс. Оның алғашқы белгілері әлгі елде 2006 жылдың өзінде-ақ сыр берген-ді. Бірте-бірте оның зардабы бүкіл әлемге жайылып, үлкенді-кішілі экономикалардың құлдырағаны соншама, бүгінгі таңда әлемдегі жұмыссыздардың саны 200 миллионнан асып жығылады», деп жазады сенатор Әділ Ахметов «Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі санында жарияланған «Құндылықтар құлдырауы әлеуметтік тұрақсыздыққа соқтыратын сын-қатер» атты мақаласында. Жарияланым авторының пайымынша, Елбасының бастамасымен Астанада жоғары деңгейде өткізіліп жүрген экономикалық форумдардың маңызы өте зор. Оның ішінде, әсіресе, бесінші форумда Президент Назарбаев жария еткен G-Global қағидасының келешегі үлкен. Өйткені, ақпарат құралдары шарықтап дамыған бүгінгі заманда әлемдік экономика мен қаржы саласын тығырыққа тіреп отырған жаһандық дағдарыстың себеп-салдарын тек оза дамыған елдердің басын қосатын G-8 немесе G-20 деп аталатын клубтарға мүше алпауыт елдердің тізгінін ұстағандар ғана шеше алмайтынына адамзаттың көзі анық жетті.

***

«Казахстанская правда» газетінің бүгінгі санында басылған «Планируется открытие дипмиссии» деген тақырыптағы мақалада таяу аралықта Аргентинаның Қазақстандағы Дипломатиялық миссиясы ашылуы мүмкін екендігі баяндалған. Бұл мәселе, кеше ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Аргентина Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Эдуардо Суаин кездесуі барысында талқыға түскен.

Сонымен қатар тараптар қазақстандық-аргентиналық саяси және экономикалық ынтымақтастықты, энергетика және ауылшаруашылық салаларында өзара іс-қимылдарды дамытудың болашағын талқылаған.

CNN-ге сілтеме жасаған «Время» газеті Бостонда лаңкестік әрекеттер жасауға күдіктілер АҚШ-қа Қазақстаннан  келген деп хабарлайды. Бостондағы лаңкестік әрекеттерге күдікті ағайынды Царнаевтер, 19 жастағы Джохар мен 26 жастағы Тамерлан АҚШ-қа Қазақстаннан келді, оған дейін олар  Шешенстанда бой тасалаған, дейді телеарна. Ал Американың  тағы бір телеарнасы  NBC олардың АҚШ-қа 2002 немесе 2003 жылдары өз отбасыларымен қоныс аударғандығын айтуда.

  << Жаңалықтарға оралу

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
21 Сәуір 2013
Караганда Другие города
+15 °C
без осадков,ясно
Ю-З, 4 м/с
21 Сәуір 2013
Доллар США   151.09
Евро   197.73
Российский рубль   4.80
© 2005-2020 Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы