АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат -Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Аталған заң жобасы жаңа бюджет саясаты тұжырымдамасын және Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңестің шешімдерін іске асыру мақсатында әзірленген.
АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2013 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 150 қаулысына өзгерістер енгізілді.
АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 9 айында Көліктік бақылау комитеттерінің аумақтық органдары ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп өтуіне 27 850 арнайы рұқсат берді.
АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Астанада ЖПБ қызметкерлері №67 мектеп-гимназиясында бастауыш сынып оқушыларымен «Жол қозғалысы қауіпсіздігі сабағын» өткізді. Бұл туралы Жол полициясы басқармасына сілтеме жасап astana.kz хабарлады.