АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Сирияда жүрген ҚР азаматтығына қатысы болуы мүмкін адамдар туралы Интернет желісінде таратылған бейне материалға қатысты түсініктемесін таратты.
АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Сочидегі Олимпиада ойындарының ұйымдастру комитеті эстафетаға қатысушының қолында олимпиадалық алауының шырағы жарылды деген бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарды жоққа шығарды. Бұл туралы ВВС хабарлады.
АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады қала прокуратурасының баспасөз қызметінен.
АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Халықаралық сарапшылар «Болашақ» бағдарламасын адам капиталын дамытуға ұмтылатын елдерге арналған модель деп атады. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.