Блог ережелері
Блог ережелері
1. Блог – Қарағанды облысы әкімінің келушілермен интерактивтік қарым-қатынастың түрі.
2. Блог қазақ және орыс тілінде қызмет етеді.
3. Жақты ұйымдар блог бөлімдерінен ақпаратты пайдаланғанда, дәйексөз алғанда және басып алғанда блог мекен-жайына міндетті түрде сілтеме жасау қажет (https://www.karaganda-region.kz/rus/blog_4/).
Блогқа түскен өтініштер мен түсінідірмелерге автоматты түрде ID-нөмер беріледі, содан соң олар Қарағанды облысы әкімі аппаратының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру секторына журналда тіркеу үшін жолданады.
Сұрақтар он бес күнтізбелік күндер мерзімінде қаралады.
Өзге субъектерден, лауазымдық тұлғалардан ақпаратты алуды немесе орнына шығуымен тексеріс өткізуді талап ететін өтініш отыз күнтізбелік күндер мерзімінде қаралады.
Өтініштеріңіз нақты және шұғыл түрде қаралу үшін «Түсіндірме қалдыру» кейібінің барлық жолдарын шынайы ақпаратпен толтыру қажет етеді.
Сіздің хабарламаңыз (түсіндірмеңіз) жария болмайды, егер:
- мемлекеттік құпия немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиялар туралы мәліметтері болса;
- рұқсатсыз үшінші жақтың дербес деректерін таратса;
- талқылаудың басқа қатысушыларының, нақты тұлғаларының немесе ұйымдардың атына түскен жәбірлеулер, қауіп-қатерлер болса;
- коммерциялық мақсаттарды көздесе, спам, жарнамалық ақпарат болса;
- есірткі жабдықтарды, психотроптық заттарды және прекусртарды насихаттаса, алкогольды өнімдері, темекі және темекі өнімді жарнамаласа, порнографиялық және арнайы сексуалды-эротикалық мағынасы бар ақпарат болса;
- зұлымдық пен зорлық табынуды, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, деңгей және ел басымдылығы бойынша кемсітуді насихаттаса;
- кезкелген қолданылатын құқық нормаларын бұзса;
- былапыт лексикасы және оның туындылары, сонымен қатар осы анықтамаға жататын лексикалық бірліктерді пайдалануға сөз аңғарлары болса (былапыт лексикасы бар хабаламалар автоматты түрде жойылады).
Сізден хабарламада өзге желілік қорлардың, құжаттардың, суреттердің, видео мен аудио файлдар сілтемесін пайдаланбауыңызды сұраймыз, болмаса аталмыш сілтемелер модератормен алынады.
|