Рейтинг көрсеткіштерінің талдауы
2010 жылдың және 2011 жылдың бірінші тоқсанының қорытындылары бойынша Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының даму серпіні бойынша рейтинг көрсеткіштерінің талдамасы.
Елбасының тапсырмасына сай жоспарлы түрде 2010 жыл және 2011 жылдың 1 тоқсаны бойынша облыстардың, қалалар мен аудандардың дамуын бағалайтын рейтинг жүргізілді.
2010 жылғы аймақтардың даму деңгейінің рейтинг қорытындылары бойынша аймақтар төрт топқа орналасты. Қарағанды облысы Павлодар, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары сияқты мықты өнеркәсіп орталықтарымен қатар екінші топқа орналасып, 4 орын иемденді. Рейтинг негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді қамтитын ресми статистикалық ақпарат негізінде құрастырылды (45 индикатор).
Сонымен қатар, жыл қорытындысы бойынша әкімдер қызметінің нәтижелерін көрсететін және облыстардың қалыптасқан әлуетінің өсу қарқынын салыстыратын аймақтардың даму серпінінің рейтингі өткізілді. Даму серпіні бойынша аймақтар үш топқа бөлінді – жоғары, орта және төмен даму деңгейімен. Аталған рейтинг қорытындылары бойынша Қарағанды облысы 7 орын иемденіп, орташа даму деңгейлі аймақтар тобына кірді.
2011 жылдың бірінші тоқсанының әлеуметтік-экономикалық даму серпіні бойынша облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың ішкі өңірлік рейтинг қорытындыларына сай облыстың аймақтары 3 топқа бөлінді.
Жоғары даму қарқыны бар бірінші топқа келесі аймақтар кірді:
1 орын – Жаңаарқа ауданы; 2 орын – Абай ауданы; 3 орын – Балқаш қаласы; 4 орын – Қарағанды қаласы; 5 орын – Ұлытау ауданы; 6 орын – Сәтпаев қаласы.
Орташа даму қарқыны бар екінші топқа келесі аймақтар кірді:
7 орын – Бұхар жырау ауданы; 8 орын – Шет ауданы; 9 орын – Шахтинск қаласы; 10 орын – Қаражал қаласы; 11 орын – Теміртау қаласы; 12 орын – Ақтоғай ауданы.
Төмен даму қарқыны бар үшінші топқа келесі аймақтар кірді:
13 орын – Нұра ауданы; 14 орын – Қарқаралы ауданы; 15 орын – Осакаров ауданы; 16 орын – Саран қаласы; 17 орын – Приозерск қаласы; 18 орын – Жезқазған қаласы.
2010 жылдың және 2011 жылдың 1 тоқсанының қорытындылары бойынша облыстың 3 аймағы төмен даму қарқыны тобында қалды: Қарқаралы ауданы, Осакаров ауданы және Приозерск қаласы. Аталған аймақтардың төмен орындарды иемденуі негізінен демографиялық көрсеткіштер мен қылмыстылық көрсеткіштерінің төмендеуіне байланысты. |