Облыстың тарихы
Облыстың тарихы
Қарағанды облысы Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбектік және саяси Отаны болып табылады.
Шығыстағы Қарқаралы тауларының бөктерінен бастыстағы Теңіз көлі мен Ұлытау тауларына дейін, солтүстіктегі Ішім өзенінен оңтүстіктегі Бетпақ Дала шөліне дейін қазақ халқы бағзы заманнан бері Сарыарқа деп атаған кең тау жазығы орналасқан. Мұнда кішкене өзендері бар шетсіз даланы, жазда кеуіп кететін көлдердің толқындарын, Балқаш көлінің шулы кемерін, шөлдердің жарылғын тақырларын және тау қатпарларын кездестіруге болады.
Бұл Шығыс пен Батыстың, Еуразияның халықтары мен тайпалары мәдениеттерінің өзара әрекеті мен өзара байытылуы көне заманнан бері жүріп жатқан жер. Ол тұрмыс, аңшылық пен жарыстар салынған алғашқы суретшілердің таудағы суреттерінде ескі мәдениеттердің іздері мен естеліктерін сақтауда. Археологиялық табыстар көрсеткендей Орталық Қазақстаннның аумағында палеолит кезеңінде аң аулау мен балық аулаумен айналысқан адамдар өмір сүрді, ал қола дәуірінде жер өңдеу мен мал шаруашылығы пайда болды, суару жүйесі ойлап табылды. Беғазы-дандыбай мәдениеті кезеңінде (X–XII б. з. дейінгі ғғ.) өндіріс күштерін дамытуда мал шаруашылығымен қатар маңызды орынды кендерді өндіру мен қорыту алды.
XVI ғасырдың басында Орталық Қазақстанның аумағы үш жүздің экономикалық және этникалық ортақтастығының нәтижесінде пайда болған мемлекеттік құрылым Қазақ хандығының құрамына енді.
Бұл бірігу туралы Қазақ мемлекеттігінің қалыптасуында маңызы үлкен Ұлытау киелі жеріндегі көне ескертіштер дәлел бола алады. «Таңбалытас» мемориалындағы негізгі қазақ руларының таңбаларының суреті бар стела қазақ халқының бірлігі мен тұтастығының символы болып табылады.
Қарағанды облысы тарихта оның аумағы бойынша көне Жібек Жолының солтүстік тармағы өткенімен әйгілі. Бұл өңір Қазақстан мен өзге елдер арасындағы экономикалық және мәдени ауысудың арнасы, сауда желісі болып тарихи қалыптасты.
Қарқаралы ауданының аумағында жыл сайын өткен Қоянды жәрмеңкесін еске түсірудің өзі жеткілікті. Мұнда әр жазда Қазақстанның түрлі аудандары жақын көршілер – Ресей мен Орта Азиямен ғана емес Таяу Шығыс елдері мен Қытаймен де сауда жасасты.
ХХ ғасырдың 30-40 жылдары облыс репрессияға ұшыраған тұлғаларды депортациялау орны болды. Мұнда қасіретпен әйгілі КАРЛАГ орналасқан болатын. Екінші дүние жүзі соғысынан кейін Спасскіде герман, жапон, итальян және румын соғыс тұтқындары үшін концлагерь орналасты, қазіргі уақытта ол жерде сталин тоталитаризмінің құрбандарын Еске алу Мемориалы ашылған. Тарихшылардың бағалауы бойынша бұл жерде түрлі ұлттың 5152 соғыс тұтқындарының денелері көмілген.
Қарағанды облысы 1932 жылдың 10 наурызында Петропавловск қаласындағы орталығымен құралған болатын 1936 жылдың әкімшілік бөлінісі бойынша Қарағанды облысы 2 облысқа бөлінді: Солтүстік-Қазақстан (орталығы Петропавловск қаласы) және Қарағанды облысы (орталығы Қарағанды қаласы). Осылай, 1936 жылдың 29 шілдесінен Қарағанды Қарағанды облысының әкімшілік және мәдени орталығы болып құрылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 3 мамырдағы жарлығымен Қарағанды облысының шекралары өзгертіліп, оған оңтайландырылған Жезқазған облысының аумағы қосылды. 1997 жылғы 23 мамырдағы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қарағанды облысының құрамына енетін ауылдық аудандардың шектері мен атаулары өзгертілді.
Қарағанды облысы сандық сипатта
Құрылған жылы
|
1932 жыл 10 наурыз
|
Аумағы, мың кв. км.
|
428,0 мың. кв. км
|
Халқының саны, мың адам
|
1 351,9
|
Оның ішінде, %
|
|
- Жалпы санда қазақтардың үлесі
|
44,7
|
|
78,1
|
|
21,9
|
|
47
|
|
53
|
Әкімшілік-аумақтық бөлінуі:
|
|
- қалалар: Қарағанды, Абай, Балқаш, Жезқазған, Қаражал, Қарқаралы, Приозерск, Саран, Сатпаев, Теміртау, Шахтинск
|
11
|
|
9
|
|
10
|
|
192
|
Жергілікті өкілетті органдар:
депутаттар, барлығы:
|
298
|
Оның ішінде:
|
|
|
42
|
|
119
|
|
137
|
Облыстық орталық – Қарағанды қаласы
|
|
Құрылған жылы
|
1934 жыл 10 ақпан
|
Халқының саны, мың адам
|
470,9
|
Қаланың аумағы
|
497,8 кв. км.
|
| |