Географиялық орналасуы
Қарағанды облысы Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан, Солтүстік Мұзды және Үнді, Атлантикалық және Тұнық мұхиттарынан бірдей қашықтықта жатыр. Облыс Қазақ кіші шыңдарының ең жоғарғы бөлігі – Сарыарқаны алып жатыр.
1997 жылдан бастап қазіргі шектерінде облыс оңтүстігінде Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарымен, солтүстігінде Ақмола, солтүстік-шығысында Павлодар, солтүстік-батысында Қостанай, шығысында Шығыс-Қазақстан, батысында Ақтөбе, оңтүстік-батысында Қызылорда, оңтүстік-шығысында Алматы облыстарымен шектеседі.
Облыс аумағы 428 мың шаршы км (Қазақстан аумағының жалпы көлемінен 15,7%) құрайды, бұл Беларусь, Литва, Эстония және Латвия мемлекеттерін қоса алғандағы аумаққа тең.
Облыста Қазақстан Республикасының барлық халқының оннан бір бөлігі тұрады. Облыста 9 ауылдық аудан, 11 қала, 10 кенттік әкімшілік, 192 ауылдық әкімшілік, оларда 422 ауылдық елді мекен бар.
Облыс халқы 2011 жылдың басына 1 млн. 351,9 мың адамды құраған.
Облыс бойынша халықтың орташа тығыздығы 3,1 адамды құрайды.
Облыста жүзден артық ұлт өкілі тұрады. Халықтың жалпы санында қазақтардың үлесі 44,7%, орыстар – 39,2%, украиндар – 4,6%, немістер – 2,9%, татарлар – 2,5%, белорустар – 1,2%, кәрістер – 1%. Өзге ұлт өкілдерінің үлесі 3,9% құрайды.
Облыс орталығы Қарағанды қаласында орналасқан, ол 1934 жылы құралған болатын. 2011 жылдың 1 қаңтарына жағдайы бойынша облыста 470,9 мың адам немесе халықтың барлық санынан 34,8% өмір сүреді. Облыстық орталық Қарағанды қаласы Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласынан 222 км қашықтықта орналасқан.
|