Пайдалы қазбалар (оның ішінде игеру үшін тиімділер)
Облыс аумағы Орталық Қазақстанның орта бөлігін алып жатыр.
Барлық геологиялық құрылымдардан жақсы зерттелгені Қарағанды көмір бассейні.
Қарағанды көмір бассейнінің оңтүстігінде қорғасын-мырыштық кендер мен бариттің Жалайр кеніші белгілі. Бассейіннің түрлі бөліктерінде әктің 20 кеніші анықталған, ол металлургиялық, химиялық, цемент өнеркәсібінде қолдануға жарамды. Оларға Астахов, Сарыапан, Волын, Оңтүстік-Топар кеніштері жатады.
Құм-тасты қабаттардың зерттелген кеніштерінің негізгі бөлігі өзендердің аумағында орналасқан. Юр қорлары бойынша дамыған желдету қабатының саздары құрылыстық аязға төзімді кірпішті, қыш бұйымдарын, отқа төзімді өнімдерді жасауда қолданылады. Саздың Ақтас, Сары қарасу кеніштері қолданылады. Құрылыс тасының кеніштері табылып, қолданылады.
Спасск аумағында вулканогенді-қалдықты генезистің 20 шағын кеіштері табылған(Жалғызтөбе, Жетімшоқы, Қызылшоқы, Қожақонған, Қызылөгіз, Көктал, Сарыадыр, Алтынтөбе және Спасск және т.б.), 250 мыс көрінісі менбірнеше геохимиялық аномалиялар. Пирофиллит, мәрмәрдің кеніштері табылып ашылған.
Ұлытау-Жезқазған ауданының геологиялық құрылымында мыстың, мырыштың, қорғасын ірі кеніштері табылған; темірдің, никелдің, кобальттің, көмірдің орташа және шағын кеніштері; алтынның, хромның, платинаның кендері; магнезит, тальк, барит, кварц, флюорит, асбест кенді емес кеніштері табылған. Қара және түсті металлдардың кендерінде күміс, рений, кадмий, талли, германий және өзге шашыранды элементтердің қоспалары кездеседі.
Қарсақбай зауытының ауданында темір кеніштері ашылып 40 км созылған. Мұнда Керегетас, Балбырауын, Қаратас, Қарашоқы және Сазтөбе кеніштері орналасқан. Керегетас және Балбырауын кеніштерінде қуаттылығы 10 м - 220 м темір кварциттерінің 5-7 қабаты бар, темір қорлары 1 млрд. тонна болып бағаланған.
Қазақстанда Ұлытау-Жезқазған ауданы мырыш қорлары қатысында негізгілерге жатқызылады. Жезді кеніші Балажал, Емельянов, Батыс Керегетас және Жаман Керегетас сияқты темір-мырыш кендерімен атақты.
Қазіргі уақытта кендік формациялар арасында Жезқазған кенді формациясы, Жыланды тобы (Итауыз, Сарыоба, Қарашошақ, Қыпшақбай, Аралбай), Жаманайбат және өзгелері өнеркәсіптік мәнге ие.
Шу-Сарысу ауданында боксит қорлары бар. Жанар-жағар пайдалы қазбаларынан Ұлытау-Жезқазған ауданында қоңыр көмір (Байқоңыр мен Қияқты кеніштері)кездеседі, олардың қоры 100 млн. тоннаны құрайды. Шұбаркөл кен орнының қорлары 1,7 млрд. тоннаға бағаланады.
Байқоңыр кентінен Оңтүстік-Батысқа 170 км жерде Оңтүстік-Торғай мұнайгазтасымалдаушы провинция орналасқан. Шу-Сарысу ауданында 14 болашақты мұнайгазтасымалдаушы құрылым зерттеліп, «Придорожное» газ кеніші ашылған.
Пайдалы қазбаларды табуға облыстың геологиялық әлеуеті айтарлықтай жоғары. Мыстың болжамдық ресурстары 30 млн. тонн (Жезқазған, Қарағанды және Қарқаралы кенді аудандар), алтын – 600-1000 тонна, қорғасын – 21 млн. тонна, мырыш – 23 млн. тонн. Көмірсутегі шикізаты бөлігінде облыстың оңтүстік-батыс және солтүстік-батыс аудандарының болашағы зор.
| |