Су ресурстары



Өзендер Теңіз, Қарасор, Балқаш ағынсыз көлдерінің және Ертіс өзенінің бассейндеріне жатады. Өзен желісінің қоюлығы жер қыртысына байланысты солтүстіктен оңтүстікке қарай азайып отырады.
11 өзен 100 км артық ұзындыққа ие.
Басты су ағыны Нұра өзені болып табылады. Ірі өзендерге сонымен қатар Тундік, Талды, Жарлы, Құланөтпес, Терісаққан, Сарыторғай, Қараторғай, Атасу, Сарысу, Тоқырауын, Улыжыланшық, Мойынты, Қалмаққырған, Жамші, Қарабұлақ, Қусақ кіреді. Облыстың шығысы мен оңтүстік-шығысындағы төмен таулы жер қыртысының болуы қарлық немесе қар-жер қамту жазық өзендерінің негізгі сипатын анықтайды. Олардың су режимінің айрықша ерекшелігі әдетте сәуірдің бірінші он күндігінде басталатын шұғыл мәнді көктемгі тасу болып табылады.
Жаздық уақытта өзендер қатты азаяды, тақырланады, облыстың оңтүстік және оңтүстік-батыс бөліктерінде олардың көбі кеуіп кетеді.
Өзендердің бірқатары көп сулы жылдарда 0,5 ден 1 км дейін жайылады, Нұрада оның төменгі ағысында 2 км дейін. Ірі өзендердің көлемі 50-70 м, кішкене су ағыстары 15-30 м дейін жетеді. Олардың қиылуының тереңдігі 3-5 м артық құрайды.
Облыс аумағында 1600 артық көл, оның ішінде 200 артығы – су айдынының көлемі 1 квадрат км. Артық.
Оңтүстік-шығыста облыстың шекарасына Қазақстанның көлемі бойынша үшінші орында тұрған Балқаш көлі кіреді. Көл батыстан шығысқа 614 км. созылған, ауданы 18,2 мың кв.км, судың көлемі 106 куб км. Тереңдігі батыста  6-12 м, шығыста 15 м, максималды – 26 м.
Көп тарағаны жазық-арналы көлдер, аз кездесетіні төмен таулы және жазық-таулы, үлкен ағынсыз ұңғымалар су бөліністерінің көлдері кездеседі. Бұл көлдер облыстың шығыс және оңтүстік-шығысында орналасқан, өзімен төмен жағалы кішкене тегіс шұңқырларды көрсетеді. Тереңдерінде (Большое көлі) су жыл бойында сақталады. Үлкен ағынсыз ұңғымалардың көлдері жоғарғы және жер суларының базисы болып табылады.
Қарқаралы қаласының солтүстігінде таулы қоршалған жазық Қарасор орналасқан. Оның шектерінде 50 жуық көл бар  (Қарасор, Саумалкөл, Балықтыкөл және т.б.). Су қоймалардың тереңдігі орташа 1 м, кей жерлерде 4-5 м дейін. Олардың түбінде қара күкіртсутекті саздар жатыр, олар емдік қасиетке ие және медицинада қолданылады.
Облыстың сумен қамтамасыз етілуінің балансында маңызды орынға су қоймалары мен арналар ие. Су қоймалары: Самарқанд (Нуре өзені), Шерубайнұра (Шерубайнұра өзені), Кеңгір (Кеңгір өзені), Жезді (Жезді өзені), сонымен қатар шағын су ағындарындағы ондаған кішкене бұлақтар.
1973 жылдан бастап облыс аумағында Ертіс–Қарағанды  – Қарағанды және Теміртау қалаларын ауыз сумен қамтамасыз ететін ұзындығы 458 км ірі гидротехникалық құрылым іске қосылды. Арнадан суды беру орташа секундына 75 куб. метрді құрайды. Арнаның ерекшелігі су төмен биіктіктен (теңіз деңгейіне қатысты) жоғарғы биіктікке берілетінінде, ол үшін 20 сору станциясы қызмет етеді.

 

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
15 Қазан 2012
Караганда Другие города
+5 °C
без осадков,ясно
Ю-В, 4 м/с
15 Қазан 2012
Доллар США   150.53
Евро   195.25
Российский рубль   4.86
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Государственные закупки
           
 
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
Сравнение цен на системы противокражные антенна ворота.
© 2005-2012Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх