Өңір экономикасының мамандануы
Қарағанды облысы — бұл ең ірі өнеркәсіптік облыс, Қазақстанда жетекші орын алатын қуатты индустриалдық орталық.
Экономиканың негізі тау-кен өндірісі мен өңдеу өнеркәсібі болып табылады, онда өңірдің жалпы қосылған құнының 50% астамы қалыптасады. Өнеркәсіптің басым салалары тау-кен өндірісі (көмірді, қара және түсті металдар кендерін, құнды және сирек металдарды өндіруді қосқанда), қара және түсті металлургия (облыстың барлық өнеркәсіптік өнімінің 80% келеді), металлургиялық комбинаттардың өнімін өңдеуге бағытталған машинақұрылысы мен металөңдеу, химиялық және фармацевтикалық өнеркәсіп, соңғысы отандық өнеркәсіптің аздаған жоғары технологиялық салаларының бірі болып табылады, өңір мен мемлекеттің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған металлдық емес құрылыс материалдарын өндіру.
Мемлекет Басшысының «Жаңа он жылдық – жаңа экономикалық өсу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында облыстың индустриалды-инновациялық дамуының негізгі міндеттері болып үдемелі ндустриализация, инновацияларды енгізу, еңбек өнімділігінің өсуі анықталды.
Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды–инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қарағанды облысы өнеркәсібінің базалық салаларын дамыту Тұжырымдамасы әзірленді.
Қарағанды облысының өнеркәсібінің базалық салалары болып табылады: тау-кен өндіру, көмір өндіру, қара және түсті металлургия, металлоөңдеу мен машинажасау, химиялық және фармацевтикалық өнеркәсіп, құрылыс материалдарының өндірісі.
Көмір өнеркәсібінде облыстың негізгі көмір өндіруші кәсіпорындары «АрселорМиттал Темиртау» АҚ, «Шубарколь комир» АҚ, «Корпорация «Казахмыс» ЖШС КД болып табылады.
Өңірде қара металлургияның ірі қуаттарының орналасуы темір кенді, мырыш кеніштерінің үлкен қорларының бар болуымен байланысты. Негізгі металлургиялық кәсіпорын «Арселор Миттал Темиртау» АҚ болып табылады.
Облыстың түсті металлургиясын «Корпорация «Казахмыс» сипаттайды, оның құрамына республика мен облыстың мысты өндіру мен қайта өңдеудің негізгі кәсіпорындары кіреді. Сонымен қатар «Завод обработки цветных металлов» АҚ («ЗОЦМ» АҚ) мыс негізінде құю қоспалары мен илектерді шығаратын Орта Азиядағы жалғыз кәсіпорын.
Металлоөңдеу мен машинақұрылысы. Облыста Қарағанды машинақұрылысы консорциумы қалыптастырылған. Жұмыс келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: тау-кен жабдығын, ауылшаруашылық қыстырма жабдығын, темір жол машинжасауды дамыту. Негізгі кәсіпорын – «Машзавод №1» ЖШС.
Химиялық және фармацевтикалық өнеркәсіп келесі өндірістік бірлестіктермен ұсынылған – «Silicium Kazakhstan» ЖШС, «Карагандинский фармацевтический комплекс» ЖШС.
Құрылыс материалдарының,өнімдер мен құрылымдардың өнеркәсібі құрылыс саласының жалпы әлеуетін анықтайтын өндіріс саласы болып табылады. Өндіріс келесі кәсіпорындармен ұсынылған – «Карагандинский завод строительных материалов» ЖШС, «Кератек» ЖШС, «Темиртауский кирпич» ЖШС, «Central Asia Cement» АҚ.
|