Соңғы 10 жылдағы өңір дамуының қорытындылары



Соңғы 10 жыл ішіндегі дамудың қорытындылары (2001–2010 жж.)
(нақты көріністе өңірдің негізгі көрсеткіштері өсімінің динамикасы: ІӨӨ, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, шағын бизнестің өнім көлемі, мемлекеттік бюджетке түсімдер көлемінің өсуі, республика көлемінде белгіленген көрсеткіштер бойынша өңірдің үлес салмағы мен өзге де маңызды көрсеткіштер)

Қарағанды облысының 2009 жыл ішінде өндірілген жалпы өңірлік өнімнің көлемі 1 трлн. 515,8 млрд. теңге сомасын құрап, республиканың жалпы өңірлік өнімінен 8,9% құрайды (ЖӨӨ), бұл Алматы қаласы (18,7%) мен Атырау облысынан кейін (11,6%) үшінші орын.
Қарағанды облысының ЖӨӨ өндірісі құрылымында туарлар өндіретін салалардың үлесі басым – 57,3%. Өнеркәсіпке облыстың ЖӨӨ 49,8% немесе республика өнеркәсібінің ЖӨӨ 14,5% келеді. Республикадағы облыс ауыл шаруашылығының үлесі 5,4%, құрылыс – 4,2%, сауда – 7,8%, көлік және байланыс – 6,8%, өзге қызметтер – 8,9%.
2009 жылы жан басына шаққандағы ЖӨӨ өндірісі 1 млн. 123,5 мың теңгені құраған.
2001 жылмен салыстырғанда облыс ЖӨӨ мен жан басына шаққандағы ЖӨӨ көлемінің көрсеткіші 4,5 есеге артқан.
Өнеркәсіптік өндіріс облыс экономикасының негізін құрайды. Облыста өнеркәсіптік өнімнің республикалық көлемінің 14,5% өндіріледі (100% - тегіс илек, 98% - дайындама түріндегі тазартылған мыс, 90% -мыс кенін өндіру, 85% - аффинирленген күміс, 30% - тас көмір).
Өңірдің жалпы қосылған құнының 50% артығын тау-кен өндірісі мен өңдеуші өнеркәсіп құрайды. Облыс өнеркәсібінің базалық салаларына өнеркәсіптік өндірістің 90,4% келеді (2010 жылдың қорытындылары бойынша).
Соңғы он жыл ішінде (2001-2010жж.) өнеркәсіптің өндірістік көлемінің 3,7 есеге өсуі байқалады (қолданыстағы бағада). 2010 жыл ішіндегі республикадағы Қарағанды облысының үлес салмағы 8,6% құрады.
Өнеркәсіптік өндірісте айтарлықтай үлесті өңдеуші өнеркәсіп алады, республикалық көлемде үлес салмағы 22,3% құрайды. 2001 ден 2010 жылдар арасындағы өңдеуші салада өндіріс көлемі 3,6 есеге артқан. Бұл саладағы негізгі үлесті металлургиялық өнеркәсіп алады, оның үлес салмағы 2001 жылы 71,8% 2010 жылы 81,1%.
Республиканың тау-кен өндірісі өнеркәсібінің жалпы көлемінде тау-кен өндірісі өнеркәсібінің үлесі 1,2% құрайды. 2001-жылдан бастап тау-кен өндірісі өнеркәсібінің көлемі 4,1 есеге өскен.
Соңғы 10 жыл ішінде көмір өндірісінің айтарлықтай өсімі қамтамасыз етілді, егер 2001 жылы облыста 22 млн. тонна, алш 2010 жылы – 32,6 млн. тонна өндірілген, сонымен қатар мырыш концентратын өндіру 71,8%, темір кенін 46,3%, қорғасын-цинк кендерін 25,3% артқан.
Тұрақты экономикалық өсім инвестицияларды тарту үшін негізгі факторлардың бірі болып табылады. Осылайша 2001 жылдан негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 4,2 есеге артып, 2010 жылы 229,7 млрд. теңгені құраған. Барлығы негізгі капитал 1 трлн. 375 млрд. теңге.
10 жыл ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімін өндіру көлемі 3,1 есеге артқан және 2010 жылы 81,8 млрд. теңгені құраған. Қарағанды облысының республикадағы үлес салмағы – 8,8%.
Ауыл шаруашылық өндірісінде үлкен үлеске мал шаруашылығы ие – 65%. 10 жыл ішіндегі мал шаруашылығының жалпы өнімін өндіру 4,3 есеге артып, 2010 жылы 53,1 млрд. теңгені құраған. 35% өсімдік өсіруге келеді, оның көлемі 10 жылда 2 есеге артып, 2010 жылы 28,5 млрд. теңгені құраған.
2011 жылдың 1 қаңтарына 2001 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда мал саны артқан: ІҚМ басы38%, қой мен ешкі – 60%, жылқы – 30%, шошқа – 28%, құс – 26,4%.
2010 жылы азық-түлік тауарларын өндіру көлемі 60,2 млрд.теңгені құраған (2001 жылы – 9,2 млрд. теңге).
Сыртқы саудалық айналым 2010 жылы 2001 жылмен салыстырғанда 4 есеге артқан (2001ж. – 2,1 млрд. АҚШ долл., 2010ж. – 8,6 млрд. АҚШ долл.). Тауарлардың экспорты 4,6 есеге артқан (2001ж. – 1,6 млрд. АҚШ долл., 2010ж. – 7,4 млрд. АҚШ долл.), импорт -  2,6 есеге (2001ж. – 480,3 млн. АҚШ долл., 2010ж. – 1,2 млрд. АҚШ долл.).
2010 жылы шағын бизнестің белсенді субъектілерінің саны 43 413 бірлікті құраған, 2001 жылы 22 994 бірлік. Республикадағы облыстың үлес салмағы 6,5% құраған. Шағын бизнесте жұмыс бастылардың саны 2,1 есеге өсіп, 2010ж. 147 726 адамды құрады (2001ж. – 69 700 адам).
Шағын бизнес өнімінің өсімі 3,5 есеге қамтамасыз етіліп, 298,4 млрд. теңгені құраған. 2010 жылдың қорытындылары бойынша республикадағы Қарағанды облысының үлес салмағы 6% құраған. Шағын бизнестің субъектілерін заңды тұлғалар, шаруа қожалықтары және жеке кәсіпкерлер құрайды.
10 жыл ішіндегі бөлшек тауар айналымының көлемі 3,3 есеге өскен.
2001-2010 жылдарда Қарағанды облысының мемлекеттік бюджетіне 1 трлн. 225 млрд. 264 млн. теңге сомасында кіріс келіп түскен. Республикалық бюджеттің кірістері 794 млрд. 099 млн. теңгені, жергілікті бюджеттікі – 431 млрд. 164 млн. теңгені құраған. 10 жылдағы мемлекеттік бюджеттің өсімі  – 4,1 есе.
Республикадағы Қарағанды облысының мемлекеттік бюджетінің кіріс бөлігінің үлес салмағы 2010 жылдың қорытындылары бойынша 6,9%, республикалық – 6,7%, жергілікті – 7,3%.
Облыстың денсаулық сақтауға шығындары жыл сайын артуда. Соңғы 10 жылда олар 8 еседен артық өскен.
Емдік, емдік-алдын-алу және санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердің, ғылыми-зерттеушілік орталықтардың, медициналық ЖОО-дарының материалдық–техникалық базасы нығаюда.
Тексері мен емдеуде жаңа медициналық технологияларды дамытуға үлкен назар аударылуда. Облыстың денсаулық сақтауының бөлінбес бөлігі телемедицина болып табылады. 2007 жылдан бастап жүректің қан тамырларын стентирлеу өткізіледі, аортокоронарлық шунтирлеу енгізілген. Ірі суставтарды эндопротездеу бойынша операциялар басталды.
Азаматтардың денсаулығының жағдайын сипаттайтын негізгі индикаторлар бойынша жағымды жылжуларға қол жеткізілген.
Ана өлімінің көрсеткіші 100 мың тірі туғандарға 44,5 нан 4,2 дейін төмендеген. Бала өлімінің көрсеткіші өңірде республикалықтан тұрақты төмен болып сақталуда: 2010 ж. – 15,4 (ҚР – 16,7). Соңғы 10 жылда туберкулезге шалдығу 1,6 есеге азайған (100 мың тұрғынға 143,1 ден 90,1 ге). Бұл аурудан өлім 2 есеге төмендеген (14,8 дейін). Зиянды жаңа құрылулармен ауру 100 мың тұрғынға 224 тен 215,5 ке төмендеген (4%). Бес жылдық тірі қалу онкологиялық аурулар кезінде 55% дан 57,7% ға артқан. Жүректің ишемиялық ауруынан өлім 2 еседен артық төмендеген.
Соңғы 10 жыл ішінде білім беруге шығындар 6 есеге артқан. Балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту 14% дан 82,4% ға артқан, облыста үш ауысымды сабақтар алынып тасталды. Білім беру ұйымдарын ұстауды жаңарту, материалдық-техникалық базаны нығайту, инновациялық, ақпараттық білім беру технологияларын енгізу бойынша жұмыс жалғасуда. Мүгедек, жетім балаларға үлкен назар аударылуда: 10 жылда 5 жас өспірімдер үйі, 2 психолого-медико-педагогикалық кеңес беру, 1 оңалту орталығы, 1 түзету кабинеті ашылған. Біздің облыс арнайы түзету мекемелерінің барлық түрлері сақталынған облыстардың бірі болып табылады.   
10 жылда техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының желісі өскен (29 дан 35 бірлікке кәсіби лицеилер, 23 тен 54 – колледждер). Оқытылатындардың контингенті 3 есеге артқан. Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын дайындау 128 мамандық бойынша жүргізіледі және 10 жылда еңбек нарығында қажетті 52 мамандыққа артқан. Жылдан жылға мамандарды колледжде дайындауға мемлекеттік тапсырыс артуда.
Облыстың білім беру ұйымдарында 20 943 компьютер орнатылған, 2000 жылы олардың саны 618 бірлік болатын. Қазіргі уақытта 1 компьютерге 8,34 адам келеді, республикалық көрсеткіш 16. 10 жыл бұрын бір компьютерге 196 адамнан келетін. Облыстың 62,8% мектептері кең желілі Интернетке қосылған, ал 2000 жылы тек 22% Интернетке қосылған болатын.
10 жылда халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 371 медаль алынды, олардан халықаралық деңгейде - 150.
Мұғалім әсіресе ауылдық мұғалім статусын жоғарылату үшін облыста үлкен жұмыс атқарылды. Жас мамандарды ауылдық елді мекендерге тарту мен қалдыру, тұрғын-үй тұрмыстық жағдайларды құру, материалдық көмекті көрсету бойынша жұмыс жүргізілуде. Егер 2000 жылы облыстың білім беру ұйымдарына 68 жас маман келсе, 2010 жылы олардың саны 511 құраған. Облыс мұғалімдерінің сапалық құрамы жақсартылды, білім беру деңгейі жоғарылады.
Ішкі саясат саласында қоғамдық-саяси жағдай тұрақты болып қалуда. Конфессия аралық келісім мен толеранттықты нығайту, ұлтаралық қатынастарды одан әрі гармонизациялау бойынша мақсатты бағытталған жұмыс жалғасуда.
Қазіргі таңда саяси партиялардың 10 филиалы әрекет етеді, олардың қатарында 124,2 мың адам бар, ал 10 жыл бұрын саяси партиялардың 7 филиалы 48 мың адамды қамтыды. Этномәдени ұйымдар саны 20 ға, діни ұйымдардың саны 112 ге артқан. Соңғы он жылдықта үкіметік емес сектор қарқынды дамуда, 22 кәсіби кеңес ұйымдары қызмет етеді, үкіметтік емес ұйымдардың саны 2,3 еседен артып, 616 құрады. Бұқаралық ақпарат құралдарын қазіргі таңда 208 ұйым сипаттайды, олардың саны соңғы жылдарда 3 есеге артқан.
 

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
16 Қазан 2012
Караганда Другие города
+5 °C
без осадков,ясно
Ю, 2 м/с
16 Қазан 2012
Доллар США   150.62
Евро   195.16
Российский рубль   4.86
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Государственные закупки
           
 
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2012Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх