Туризм



Облыста 83 туристтік фирма қызмет етеді (75 турагент, 7 туроператор, 1 бірлік – өзге туристтік қызмет).
2010 жылдың мамырынан облыста АҚ Авиакомпания «Asia Wings»жұмыс жасайды, ол 5 бағыт бойынша ішкі рейстерді іске асырады (Қарағанды – Көкшетау, Қарағанды – Өскемен, Қарағанды – Жезқазған, Қарағанды – Қызылорда, Алматы – Петропавловск).
Статистикалық зерттеу мәліметтері бойынша облыстағы қызмет көрсетілген тұтынушылардың саны 2010 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 162,6 мың адамды құраған, оның ішінде кіру туризмі бойынша  10 220 адам, шығу туризмі бойынша туристтердің ағыны 10 240 адамды құрады, ал ішкі туризм бойынша – 142 195 адам.
Туристтік салада көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі 10% артып, 1,9 млрд.теңгені құрады.
2010 жылдың қаңтар-қыркүйегінде облыстың туристтік фирмаларымен 15,6 мың келушіге қызмет көрсетілген. Жолдамалар 1 млрд. 077,9 млн. теңгеге сатылған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 63,2% артық.
Туристтік саланың дамуының негізгі бағыттарын анықтау мақсатында облыста «Қарағанды облысында 2010-2011 жылдарға арналған туризмнің дамуының мастер-планы» әзірленген, онда біздің өңірдің туризм дамуының негізгі бағыттары көрсетілген. Мастер-жоспарды әзірлеудің негізгі мақсаты туристтік индустрия қызметтерін құру болып табылады, сонымен қатар Қарағанды облысының туристтік имиджін қалыптастыру үшін негізгі бағыттарды анықтау.
Қарқаралы ауданында, рекреациондық демалыстың орталығы ретінде, бір туристская фирма, 8 демалыс үйлері, 5 қонақ үйлері, 2 қонақ үй, сонымен қатар 8 сауықтыру лагерлері қызмет етеді.
Балқаш қаласында бір туристтік фирма, санаторий, 4 балалар-сауықтыру лагерлері, 10 артық демалыс орны бар. Балқаш көлінің жағалауында 17 демалыс зонасы 905 орынға бар.
2008 жылдың қыркүйегінен 2010 жыл арасында облыста «Орталық Қазақстанда экологиялық туризм мен қоғамдық танымалдылық» жобасы іске асырылды, ол Европалық қоғаммен қаржыландырылды. Жоба экотуризмді дамытуға және Қарағанды облысын шетелде насихаттауға бағытталған.
Облыста туроператорлық компания «Nomadic Travel Kazakhstan» қызмет етеді. Қазіргі уақытта туристтік компаниямен келесі туристтік маршруттар әзірленіп, іске асырылуда: «Бронзовое кольцо Сарыарки», «Бронза скифских гор», «Кызыларай – высота и древность», «Улытау – колыбель нации», «Сайга фото-сафари», сонымен қатар демалыс күнінің турлары.
2010 жылы Қарағанды ЭкоМұражайының негізінде Ақпараттық Ресурстық Орталық ашылған болатын, мұнда кез-келген адам туристтік қызметтер туралы ақпаратты ала алады.
 

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
15 Қазан 2012
Караганда Другие города
+14 °C
без осадков,пасмурно
Ю, 3 м/с
15 Қазан 2012
Доллар США   150.53
Евро   195.25
Российский рубль   4.86
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Государственные закупки
           
 
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
В нашем салоне вы найдете газовые котлы днепропетровск, кондиционеры продажа днепропетровск.
© 2005-2012Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх