Сауда
Сауда
(оның ішінде сыртқы экономикалық қызмет)
2010 жылда бөлшек сауда айналымының жалпы көлемі 333,3 млрд. теңгені құрады немесе 2009 жылдың деңгейіне 118,1%.
Бөлшек тауар айналымы бойынша Қарағанды облысы республикада Алматыдан кейін екінші орында тұр. 2010 жылы республикалық көлемде облыс тауар айналымының үлесі 11,1% құрады.
Бөлшек сауда айналымының негізгі көлемін жеке сауда қызметін іске асыратын және базар сатушылары болып табылатын жеке тұлғалар қамтамасыз етті. Олар 215,4 млрд. теңге (бөлшек сауда айналымының жалпы көлемінен 64,6%) сомасына тауарларды өткізді, оның ішінде базарлардағы сату көлемі 66,4 млрд. теңгені құрады. Талданатын кезең ішінде сауда жасайтын кәсіпорындардың (заңды тұлғалар) тауар айналымының көлемі 117,9 млрд. теңге, 2009 жылмен салыстырғанда өсім 27,1%.
Облыстың көтерме базарында 2010 жылы 533,9 млрд. теңгеге тауарлар сатылды, бұл 2009 жылға қарағанда 29,5% артық.
Көтерме тауар айналымының көлемі бойынша Қарағанды облысы Алматы мен Астанадан кейін республикада үшінші орынды алады. 2010 жылы республикалық көлемде облыстық тауар айналымының үлесі 6,9% құрады.
Көтерме сатудың негізгі көлемі жеке меншіктегі кәсіпорындарға тиесілі – 96,4% немесе 514,8 млрд. теңге. Өзге мемлекеттердің меншігіндегі кәсіпорындармен 19,1 млрд. теңгеге тауарлар сатылған (3,6%).
Қазіргі таңда Қарағанды облысы сыртқы сауда айналымы бойынша Ресей Федерациясымен, Беларусь Республикасымен, Украинамен, Қытаймен, Германиямен, Италиямен, Иранмен, Ұлыбританиямен, Швейцариямен және Финляндиямен кең байланыстарға ие.
2010 жылдың қорытындылары бойынша сыртқы сауда айналымының көлемі 8,6 млрд. АҚШ долл. (121,4%) құрады, оның ішінде экспорт – 7,4 млрд. АҚШ долл. (131,2%), импорт – 1,2 млрд. АҚШ долл. (84,2%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы жағымды болып қалыптасты – 6,1 млрд. АҚШ долл.
Негізгі экспортталатын туаралар қара металлдар мен олардан өнімдер, тазартылған мыс, өңделмеген мырыш, алтын, күміс, минералды өнімдер және т.б. болып табылады.
Негізгі импортталатын тауарлар машиналар мен жабдықтар, азық-түлік тауарлары, көлік құралдары, металлдар мен олардың өнімдері болып табылады.
Сыртқы саудалық айналым
Мың АҚШ доллары
|
Барлығы
|
Оның ішінде
|
2009 ж.
|
2010 ж.
|
ТМД
|
Әлемнің өзге елдері
|
2009 ж.
|
2010 ж.
|
2009 ж.
|
2010 ж.
|
Сыртқы саудалық айналым
Оның ішінде:
|
7 099,2
|
8 619,2
|
1 289,7
|
1 260,7
|
2 785,3
|
3 160,1
|
Экспорт
|
5 615,7
|
7 370,2
|
649,7
|
716,6
|
2 237,4
|
2 688,9
|
Импорт
|
1 483,5
|
1 249,0
|
640,1
|
544,1
|
548,0
|
471,2
|
Сыртқы сауда сальдосы
|
4 132,2
|
6 121,2
|
9,6
|
172,4
|
1 689,4
|
2 217,7
|
2008-2010 жылдардағы сыртқы сауда айналымының динамикасы, млн. АҚШ доллары

Іріленген тауарлық топтардың қимасындағы экспорт құрылымы
(қаңтар-қараша 2010 ж.), %

Іріленген тауарлық топтардың қимасындағы импорт құрылымы
(қаңтар-қараша 2010 ж.), %
 | |