Сфералар мен салалар қимасында орта мерзімді болашаққа және 2011 жылға өңірдің дамуының негізгі нысаналы индикаторлар
Облыстың экономикалық саясаты Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамудың Стратегиялық жоспарында, мемлекеттік бағдарламаларда, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамында, Қарағанды облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасында көзделеген мақсаттарға жетуге бағытталатын болады.
Облысты дамытудың бірінші кезекті шаралары экономиканы жаңарту мен бәсекеге қабілетті өндірістерді дамытуға, өңірлік инновациялық жүйені іске қосуға, адам капиталын дамытуға, облыс дамуына қолғабыс ететін инфрақұрылымдық кешен мен институционалдық базаны нығайтуға бағытталатын болады.
Қарағанды облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасында өңірді дамытудың негізгі нысаналы индикаторлары анықталған болатын:
– жалпы өңірлік өнім нақты мәнде 2011 жылы 2010 жылдың деңгейіне 102,2% құрайды, ал 2015 жылы – 106,9%;
– өнеркәсіптік өнімнің өсімі 2011 жылы 2010 жылдың деңгейіне 1,5% артады, 2015 жылы 10,3% ға 2014 жылға;
– ЖӨӨ құрылымында өңдеуші өнеркәсіптің үлесі 2011 жылы 38,2%, 2015 жылы 44,5 % артады;
– өңдеуші өнеркәсіптің жалпы көлемінде шикізаттық емес экспорттың көлемі 2011 жылы 96,4% және 2015 жылы 158,1% артады;
– инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі 2011 жылы 7,7%, 2015 жылы 18,6% дейін артады;
– бөлшек тауар айналымы 2011 жылы 12,7%, 2015 жылы 14% өседі;
– ЖӨӨ құрылымында шағын және орта бизнестің үлесі 2011 жылы 13,4%, 2015 жылы 16% өседі;
– ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2011 жылы 84,3 млрд. теңгеге, 2015 жылы 90,8 млрд. теңгеге артады;
– туристтік салада қызметтерді көрсететін ұйымдардың ортақ кірісі 2011 жылы 4,7%, 2015 жылы 15% өседі 2008 жылдың деңгейінен;
– халықтың күтілетін орташа өмір ұзақтығы 2011 жылы 67,9 жасты, 2015 жылы 70 жасты құрайды;
– балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамту 2011 жылы 96,4%, 2015 жылы 100% құрайды;
– жұмыссыздық деңгейі 2015 жылға – 5,7% құрайды;
– мәдениет саласы қызметтерінің сапасымен тұтынушылардың қанағаттану деңгейі 2011 жылы 40%, 2015 жылы 45% құрайды;
– қанағаттанарлық және жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 2011 жылы 65%, 2015 жылы 85% құрайды;
– 1 адамға шаққандағы тұрғын-үйді енгізу 2011 жылы 0,18 кв.м.. 2015 жылы 0,2 кв.м. артық құрайтын болады.
|