Инвестициялар үшін өңірдегі тартымды бағыттар



Облысқа инвестицияларды тарту үшін ғылыми-инновациялық және өндірістік инфрақұрылымды құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Облыста «Технопарк «UniScienTech» ЖШС өңірлік технопаркі қызмет етеді, Индустриалдық парктің құрылысы жүргізілуде.
Индустриалды паркті құру негізінде дамыған инфрақұрылымы бар жер телімін беру жолымен инвесторларды тарту идеясы жатыр. Қазіргі уақытта 2011-2014 жылдарға арналған Индустриалдық парктің «Металлургия-Металлоөңдеу» даму кешендік жоспары әзірленді, сонымен қатар жобалық-сметалық құжаттама бойынша жұмыс аяқталды.
Қазіргі уақытта «Индустриальный парк металлургия и металлообработка» ЖШС басшылығымен Қарағанды қаласында индустриялды парк аумағында арнайы экономикалық аймақтың тұжырымдамасы мен экономикалық негіздемесін әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Индустриалдық паркті дамыту екі өндірістік аумақта жоспарлануда:
1) 1 аумақ, түсті металлургия өндірістерін дамытуға маманданады (мыстан, кремний мен өзге түсті металлдардан өнімдерді өндіру), металлдық кремниді, металлдық мырышты, концентраттағы мырышты, мыс концентратын, мыс катанкасын, катодтық мысты өңдеу бойынша өндірістерден тұратын болады.
2) 2 аумақ, қара металлургия өндірістерін дамытуға маманданады (құрыш пен болаттан өнімдерді өндіру), коксохимиялық өндіріс өнімдерін, слябтарды, ыстық катондық өнімді, сұрыпелек өнімін, қара қаңылтыр, суық илек өнімін, электролиттік лужение қаңылтырын, мырышталған өнімді өңдеу бойынша өндірістерді қосатын болады. Осыған байланысты,  «АрселорМиттал Темиртау» АҚ, «Корпорация «Казахмыс» ЖШС, «Силициум Казахстан» ЖШС трансұлттық компаниялар мен ірі өнеркәсіптік топтарды тартумен жұмыс жүргізілуде.
Технопарк қызметінің негізгі мақсаты ғылыми және инновациялық қызметті дамыту үшін жағымды жағдайларды жасау болып табылады.
«Технопарк «UniScienTech» ЖШС үш стратегиялық бағыт бойынша жұмыс жасайды: жобаларды басқару мен технологиялық бизнес-инкубирлеу; инжиниринг; офистік орындарды жалға беру.
Қазіргі уақытта технопаркпен инвесторлар үшін ғылыми жобаларды коммерциализациялау мен технологиялық бизнес-инкубилеу қызметтерін көрсетуді көздейтін жобалар ұсынылған.
- өндіріс, Чижевский люстрасы сияқты аэрозионды жабдықтарды жаңалау мен өткізу;
- ашық өндіру көмірлерінен жылу энергиясы мен металлургиялық коксты өндіруді ұйымдастыру;
- тозған автомобильді дөңгелектер мен пластмассаларды қайта өңдеу;
- өте майда ұнтақ алу үшін ұру импульсті диірмен;
- Қарағанды көмір бассейінінің геодинамиклық полигонын құру;
- «волластонитті және өзге де кендерді майдалау мен ұсақтау үшін электрогидроимпульстік құрылғы»;
- кенді гравитационды әдіспен байыту үшін Центробежді Концентраторды жасау мен тексеру;
- май дәндерін өңдеу бойынша зауыт;
- полипропиленді заттарды өндіру бойынша зауыт;
- волластонитті кендерді қолданумен төмен өзіндік құнмен экологиялық таза, өте мықты, өрттен қауіпсіз, термоизоляционды және жеңілдетілген құрылыс материалдарды өндіру;
- «ХХІ ғасырдың Қазақстандық ұлттық инновациялық нан өнімдерін өндіру»;
- жылқы сүтінен ұнтақ өндіру.
 

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
15 Қазан 2012
Караганда Другие города
+4 °C
без осадков,ясно
Ю-В, 3 м/с
15 Қазан 2012
Доллар США   150.53
Евро   195.25
Российский рубль   4.86
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Государственные закупки
           
 
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
Прайс-лист. Статьи по снаряжению, безопасности, подготовке и пр.
al-ver.ru
© 2005-2012Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх