«Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесінің шешіміне анықтама беру»


Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесінің шешіміне анықтама беру – кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында жүзеге асырылатын рәсім.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны ішінара автоматтандырылған.

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінін 22, 23, 24-баптары, Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының 58, 114, 122 баптары, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдаланудың тәртібі туралы» №1292 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқорлық органдарының Ережесі, патронат және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» №1346 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.



Мемлекеттік қызметті қалалық және аудандық білім бөлімдері (әрі қарай-Бөлімдер) және поселке, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдері аппараттары, тұтынушының тұрғылықты мекен-жайы бойынша орналасқан халыққа қызмет көрсету орталықтары көрсетеді.

Осы қызметті көрсетудің нәтижесінде тұтынушы кәмелетке толмаған балаларға тиесілі тұрғын үйге қатысты мәмілелерді жасау туралы қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесінің шешімі (рұқсат беру немесе бас тарту) негізінде анықтама алады.

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету уақыты бойынша шектеу мерзімдері:



тұтынушының қажетті құжаттарды тапсырғаннан бастап мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімі – 7 күн ішінде.
қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт – 40 минуттан көп емес;
қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт – 40 минуттан көп емес.

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет тұтынушыларға күн сайын, сенбі және жексенбі күнінен басқа, 09.00 сағаттан 18.00 сағат аралығында көрсетіледі, үзіліс 13.00 ден 14.00 сағатқа дейін. Қабылдау алдын-ала тіркелусіз және жылдамдатылған қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарында азаматтарды қабылдау үшін телефоны мен факсималдық байланысы бар, компьютермен жабдықталған жеке кабинеттері, күту залы, құжат үлгілері ілінген стенд бар.

Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша қосымша ақпараттарды тұтынушылар «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінде, мына мекен-жай бойынша: 100008, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі 19, электрондық пошта мекен-жайы: [email protected], байланыс телефоны: (7212) 41 13 19 ала алады.



 

Сіз облыс әкімі С.Ахметовтың қызметін қалай бағалайсыз?
Мұрағат
14 Қазан 2011
Караганда Другие города
+12 °C
без осадков,облачно
Ю, 3 м/с
14 Қазан 2011
Доллар США   147.72
Евро   203.76
Российский рубль   4.77
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
           
 
           
 
           
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы
Заниматься спортом легко тренажеры - вся информация на портале.
Промышленные и бытовые котлы. Условия доставки.
монтаж-гэсо.рф
Газета объявлений (Архангельск). Объявления об автомобилях.
gazelkin.ru
Иллюстрированный каталог. Мобильный и стационарный шиномонтаж.
drivewheels.ru
© 2005-2011 Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы

Сайт картасы