«Қайтыс болуы туралы анықтама беру»


Мемлкеттік қызмет – қайтыс болуы туралы анықтама беру - өлім жағдайын куәландыратын медициналық құжат (қайтыс болу туралы дәрігерлік куәлік) ресімдеу үрдісі.
Мемлекеттік қызмет көрсету түрі: автоматтандырылмаған.
Өлім туралы анықтама Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің 2007 жылғы 27 тамыздағы «Туу, өлім және перинаталдық өлім жағдайын куәландыратын медициналық құжаттама енгізу туралы» № 520 бұйрығының негізінде беріледі.
Бұл мемлекеттік қызметті медицина ұйымдары, тұтынушының тұрғылықты мекен-жайы бойынша орналасқан халыққа қызмет көрсету орталықтары ұсынады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі бойынша тұтынушыға өлім жағдайы туралы дәрігерлік куәлік беріледі.
Мемлекеттік қызмет қайтыс болған адамның туыстарына не қайтыс болған адаммен бірге тұрушыларға жеке куәлік немесе төлқұжатын көрсеткен жағдайда, ал ондайлар болмаған жағдайда өлікті тауып алған адамға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудегі шектелген уақыт мерзімі:
мемлекеттік қызмет тұтынушының өтініш жасаған мерзімнен бастап 3 күн ішінде көрсетіледі;
Қайтыс болуы туралы анықтама тегін беріледі.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын талап ету және қол жетімділігі туралы ақпарат көзі болып табылатын мемлекеттік қызмет көрсету стандарты осы қызметті көрсететін, әрбір мемлекеттік медициналық ұйымның ақпараттық қалқаншаларына орналастырылады.
Қайтыс болуы туралы анықтама жұмыс күндері медициналық мекеменің қабылданған кестесіне сәйкес жексенбіден басқа күндері беріледі.
Медицина ұйымындағы қызмет көрсетілетін орын телефон байланысымен, компьютерлік техникамен, ақпараттық стендпен жабдықталған.
Осы қызмет түрін көрсетуге қатысты кез келген қосымша ақпаратты «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінде (7212) 42-08-29 телефоны бойынша білуге болады.

 

Сіз облыс әкімі С.Ахметовтың қызметін қалай бағалайсыз?
Мұрағат
14 Қазан 2011
Караганда Другие города
+12 °C
без осадков,облачно
Ю, 3 м/с
14 Қазан 2011
Доллар США   147.72
Евро   203.76
Российский рубль   4.77
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
           
 
           
 
           
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы
Описания товаров, инструкции. Адреса магазинов в городах России.
shop.comefoto.ru
Рубрикация по модели автомобиля, система поиска. Модельный ряд.
korland.spb.ru
Flash, Photoshop, JavaScript, PERL, HTML и др. Уроки работы в Photoshop.
hdfile.ru
© 2005-2011 Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы

Сайт картасы