«Жұмыссыз азаматтарды есепке қою және тіркеу»


Жұмыссыз азаматтарды есепке қою және тіркеу – жұмыс табуға ықыласы бар және жұмысқа орналастырып, кейін оларды есепке қоюға жәрдемдесуге уәкілетті органға өтінген адамдарды жұмыссыз азамат ретінде тіркеу үшін жүзеге асырылады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: жартылай автоматтандырылған.
Осы мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 8 бабының негізінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті өтінген тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – бөлімдер) ұсынады.
Мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны болып жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген тұлғаларды тану туралы шешім және жеке есеп карточкасы (мәліметтердің компьютерлік базасы) табылады.
Бұл мемлекеттік қызмет өзіне байланысы жоқ себептермен табыс әкелетін еңбек қызметімен айналыспайтын, жұмыс іздеп жүрген, еңбек етуге дайын еңбекке жарамды жастағы тұлғаларға көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
- мемлекеттік қызмет осы стандарттың 12 тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кешіктірілмей көрсетіледі;
- қажетті құжаттарды көрсету кезегінде күту уақытының ұзақтығы: 40 минуттан аспайды;
- құжаттарды алу кезегінде күту уақытының ұзақтығы: 20 минуттан аспайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету ақысыз жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет күн сайын, сенбі, жексенбі күндерінен басқа күндері, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі ас үзілісімен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін ұсынылады. Қабылдау алдын-ала жазылымсыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
Осы мемлекеттік қызметті ұсыну орындарында азаматтарды қабылдауға арналған жеке кабинеттер, қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар ақпараттық стендтер, жеке мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған пандустар көзделген.
Өтініш берушінің барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын көрсетілген қызметтің нәтижесін алуға келетін мерзімі мен уақыты, олардың тізбесі және құжатты тапсыратын мерзімі жазылған талон болып табылады.
Қызмет көрсету нәтижесін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша бөлімге өзі келіп біледі.
Мемлекеттік қызметті ұсыну мәселелері жөніндегі қосымша ақпаратты тұтынушы мына мекен-жай бойынша: 100009, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, электронды поштасының мекен-жайы [email protected], [email protected], байланыс телефоны: 8(7212) 432082 «Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінен алуына болады.

 

Сіз облыс әкімі С.Ахметовтың қызметін қалай бағалайсыз?
Мұрағат
14 Қазан 2011
Караганда Другие города
+12 °C
без осадков,облачно
Ю, 3 м/с
14 Қазан 2011
Доллар США   147.72
Евро   203.76
Российский рубль   4.77
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
           
 
           
 
           
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы
Предложение контейнерные перевозки грузов организация
Производство сетевого оборудования. Новости компании.
topman.ru
Салон спортивных товаров. Советы автолюбителям.
online-shop99.ru
© 2005-2011 Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы

Сайт картасы