«Мал басы туралы мәліметтер»


Көрсетілген мемлекеттік қызметтің түрі ішінара автоматтандырылған.
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 9-1 бабы, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 32 бабы және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі № 164 «Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру туралы» бұйрығының 14, 15-тармақтары негізінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті қалалар мен аудандардың ауыл шаруашылығы бөлімдері (бұдан әрі - Бөлімдер) және кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтардың әкімдері көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - мал басы туралы мәлімет беру.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - тұтынушы).
Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері - 1 тәулік ішінде;
қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 30 минут;
құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт -15 минут.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет сенбі және жексенбі күнінен басқа, күн сайын, сағат 9.00-дан 18.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін үзілісімен көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау кезек тәртібінде, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін келесі жағдайлар жасалынған: санитарлы-гигиеналық және өртке қарсы талаптарға жауап беретін күту орны (столдар, орындықтар), өтініштерді, бланкілерді толтыру үшін үлгілер, көрсеткіштер.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қосымша ақпаратты тұтынушы «Қарағанды облысының ауыл шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінде мына мекенжай бойынша ала алады: 100008, Қарағанды қаласы, Лобода көшесі, 20, электрондық поштаның мекенжайы: [email protected], байланыс телефоны: (7212) 56 95 86.

 

Сіз облыс әкімі С.Ахметовтың қызметін қалай бағалайсыз?
Мұрағат
14 Қазан 2011
Караганда Другие города
+12 °C
без осадков,облачно
Ю, 3 м/с
14 Қазан 2011
Доллар США   147.72
Евро   203.76
Российский рубль   4.77
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
           
 
           
 
           
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы
Организация Tigarbo: парусно моторный катамаран - огромный ассортимент продукции | Найдется все продать запчасти подробности здесь.
© 2005-2011 Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы

Сайт картасы