«Тұрғын үй көмегін тағайындау»
Тұрғын үй көмегін тағайындау – табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметті тұтыну төлеміне шыққан шығындарының орнын толтыруға, сондай-ақ қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің өсуіне байланысты өтемақы тағайындау үдерісі.
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны – ішінара автоматтандырылған.
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тармағы және тұрғын үй көмегін беру көлемі мен тәртібін анықтайтын облыстың қалалары мен аудандарының жергілікті өкілетті органдары шешімдерінің негізінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – Бөлімдер), халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетіледі.
Осы қызметті көрсету нәтижесінде тұтынушы тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы құлақтандыру алады.
Мемлекеттік қызмет тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметті тұтыну төлеміне, сонымен қатар қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің өсуіне шыққан шығыны облыстың қалалары мен аудандарының жергілікті өкілетті органдары шешімдерімен анықталатын, отбасының жиынтық табысынан төлеуге болатын шекті үлесінен асатын табысы аз отбасыларына (азаматтарға) көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақытқа шектеу мерзімдері:
Мемлекеттік қызмет көрсетудің барынша ұзақ мерзімі қалалық, аудандық мәслихаттың аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және аудандық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасы негізінде анықталады (бұдан әрі – Ереже);
қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезекте күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт 40 минуттан аспайды;
қажетті құжаттарды алғанда кезекте күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт 40 минуттан аспайды.
Қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет жұма, сенбі және жексенбіден басқа күндері күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін үзілісімен көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау кезек тәртібінде, мемлекеттік қызмет алу үшін алдын-ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарында азаматтарды қабылдауға арналған жеке кабинеттер, ақпараттық стендтер, қажетті құжаттарды толтыру үшін үлгілер бар, ғимаратқа кіреберісте мүмкіндігі шектеулі азаматтарға пандустар қарастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қосымша ақпаратты тұтынушы «Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінен мына мекен-жай бойынша ала алады: 100009, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі, 47/3, электронды поштаның мекен-жайы [email protected], [email protected], байланыс телефоны: 8(7212) 432082.
|