«Мүгедектерге, оның ішінде бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу»
Мүгедектерге, оның ішінде бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу оларға әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсету, әлеуметтік бейімдеу және оңалту өткізу мақсатында жүзеге асырылады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: жартылай автоматтандырылған.
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы 23 бабының, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушысының 2005 жылғы 1 желтоқсандағы № 306-ө бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылы 23 желтоқсанда № 3985 тіркелген) бекітілген үйде әлеуметтік қызмет көрсету Үлгі ережесінің 3, 5, 10, 33, 36, 37 тармақтарының негізінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Қарағанды облысы қалалары мен аудандарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – Бөлімдер) көрсетеді. Тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтінеді.
Осы көрсетілген қызметтің нәтижесі бойынша тұтынушы үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы құлақтандыру алады.
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетел азаматтарына және қарттар мен мүгедектер қатарындағы азаматтығы жоқ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын тұлғаларға көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
1) тұтынушының қажетті құжаттарды тапсырған кезінен бастап мемлекеттік қызметті көрсету ең ұзақ мерзімі 15 күн;
2) қажетті құжаттарды көрсету кезегінде күту уақытының ұзақтығы 30 минуттан аспайды.
3) құжаттарды алу кезегінде күту уақытының ұзақтығы 10 минуттан аспайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету ақысыз жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет күн сайын, сенбі, жексенбі күндерінен басқа күндері, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі ас үзілісімен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін ұсынылады. Құжаттарды қабылдау алдын-ала жазылымсыз немесе жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен қабылданады.
Мемлекеттік қызметті ұсыну орындарында азаматтарды қабылдауға арналған жеке кабинеттер, қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар ақпараттық стендтер, жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған пандустар көзделген.
Мемлекеттік қызметті ұсыну мәселелері жөніндегі қосымша ақпаратты тұтынушы мына мекен-жай бойынша: 100009, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, электронды поштасының мекен-жайы [email protected], [email protected], байланыс телефоны: 8(7212) 432082 «Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінен алуына болады.
|