«Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау
Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу - жергілікті уәкілетті органдардың шешімдері бойынша ақшалай төлем түріндегі әлеуметтік көмек.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексінің, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының және қалалар мен аудандардың жергілікті өкілетті органдары шешімдерінің негізінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жері бойынша қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде (бұдан әрі – бөлімдер) көрсетіледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі жөнінде тұтынушы әлеуметтік көмектің тағайындалғаны немесе бас тартылғаны туралы құлақтандыру алады.
Әлеуметтік көмекті алуға құқылы азаматтар санаттары жергілікті уәкілетті органдар шешімдерімен белгіленеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
тұтынушының қажетті құжаттарды тапсырған кезінен бастап мемлекеттік қызметті көрсетудің ең ұзақ мерзімі: 30 күнтізбелік күн;
қажетті құжаттарды тапсыру кезінде күту уақытының ұзақтығы: 30 минуттан аспайды.
құжаттарды алу кезегінде күту уақытының ұзақтығы: 10 минуттан аспайды.
Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет күн сайын, сенбі, жексенбі күндерінен басқа күндері, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі үзілісімен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін ұсынылады. Құжаттарды қабылдау алдын-ала жазылымсыз немесе жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен қабылданады.
Мемлекеттік қызметті ұсыну орындарында азаматтарды қабылдауға арналған жеке кабинеттер, қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар ақпараттық стендтер, жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған пандустар көзделген.
Мемлекеттік қызметті ұсыну мәселелері жөніндегі қосымша ақпаратты тұтынушы мына мекен-жай бойынша: 100009, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, электронды поштасының мекен-жайы [email protected], [email protected], байланыс телефоны: 8(7212) 432082 «Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінен алуына болады.
|