«Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу»


Бұл стандарт үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу тәртібін анықтайды.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы 29 бабы, 6 тармағының және Қарағанды облыстық мәслихатының 2005 жылғы 17 наурыздағы ХІ сессиясының «Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы» (2005 жылғы 2 сәуірдегі № 40 «Индустриальная Караганда» газетінде жарияланған 2005 жылғы 31 наурызда №1754 тіркелген нормативтік-құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу реестрінде) № 174 шешімінің негізінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – Бөлімдер) көрсетеді.
Осы көрсетілген қызметтің нәтижесі бойынша тұтынушы үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етудің тағайындалғаны туралы немесе бас тарту туралы құлақтандыру алады.
Мемлекеттік қызмет 18 жасқа дейінгі туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа алынған балаларға көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
тұтынушының қажетті құжаттарды тапсырған кезінен бастап мемлекеттік қызмет көрсетудің ең ұзақ мерзімі: 15 күнтізбелік күн;
қажетті құжаттарды тапсыру кезінде күту уақытының ұзақтығы: 40 минуттан аспайды.
құжаттарды алу кезегінде күту уақытының ұзақтығы: 40 минуттан аспайды.
Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет күн сайын, сенбі, жексенбі күндерінен басқа күндері, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі үзілісімен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін ұсынылады. Құжаттарды қабылдау алдын-ала жазылымсыз немесе жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен қабылданады.
Мемлекеттік қызметті ұсыну орындарында азаматтарды қабылдауға арналған жеке кабинеттер, қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар ақпараттық стендтер, жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған пандустар көзделген.
Мемлекеттік қызметті ұсыну мәселелері жөніндегі қосымша ақпаратты тұтынушы мына мекен-жай бойынша: 100009, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, электронды поштасының мекен-жайы [email protected], [email protected], байланыс телефоны: 8(7212) 432082 «Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінен алуына болады.

 

Сіз облыс әкімі С.Ахметовтың қызметін қалай бағалайсыз?
Мұрағат
14 Қазан 2011
Караганда Другие города
+12 °C
без осадков,облачно
Ю, 3 м/с
14 Қазан 2011
Доллар США   147.72
Евро   203.76
Российский рубль   4.77
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
           
 
           
 
           
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы
Новый iPhone 4 купить с бесплатной доставкой
Инструкции по эксплуатации. Каталог продукции, описания, цены.
autoluxury.ru
Условия доставки. Прайс-лист.
olivertoys.ru
Каталог товаров. Каталог продукции с описаниями.
uband.ru
© 2005-2011 Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы

Сайт картасы