«Отын сатып алу бойынша ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік көмек тағайындау»
Отын сатып алу бойынша ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік көмек тағайындау – жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша ұсынылатын және ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелерінің мамандарына ұсынылатын ақшалай түрдегі төлем.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Ауылдық аймақтар мен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабы 5 тармағының және жергілікті уәкілетті органдары шешімдерінің негізінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде (бұдан әрі – бөлімдер), тұтынушының тұрғылықты мекен-жайы бойынша орналасқан халыққа қызмет көрсету орталықтары көрсетіледі. Тұрғылықты жері бойынша бөлім жоқ болған жағдайда тұтынушы ауылдық (селолық) округтың, кенттің (ауылдың) әкіміне өтініш білдіреді.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі жөнінде тұтынушы әлеуметтік көмектің тағайындалғаны немесе бас тартылғаны туралы құлақтандыру алады.
Мемлекеттік қызмет Қарағанды облысының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелерінің мамандарына (бұдан әрі - өтініш берушілер) көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
тұтынушының қажетті құжаттарды тапсырған кезінен бастап мемлекеттік қызмет көрсетудің ең ұзақ мерзімі: 15 күнтізбелік күн;
қажетті құжаттарды тапсыру кезінде күту уақытының ұзақтығы: 30 минуттан аспайды.
құжаттарды алу кезегінде күту уақытының ұзақтығы: 10 минуттан аспайды.
Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет күн сайын, сенбі, жексенбі күндерінен басқа күндері, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі үзілісімен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін ұсынылады. Құжаттарды қабылдау алдын-ала жазылымсыз немесе жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен қабылданады.
Мемлекеттік қызметті ұсыну орындарында азаматтарды қабылдауға арналған жеке кабинеттер, қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар ақпараттық стендтер, жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған пандустар көзделген.
Мемлекеттік қызметті ұсыну мәселелері жөніндегі қосымша ақпаратты тұтынушы мына мекен-жай бойынша: 100009, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, электронды поштасының мекен-жайы [email protected], [email protected], байланыс телефоны: 8(7212) 432082 «Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінен алуына болады.
|