«Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға құжаттар ресімдеу»


Осы мемлекеттік қызмет жетімдерді, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды оларды қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) белгілеу арқылы әлеуметтік қамсыздандыруға құжаттар ресімдеу тәртібін айқындайды.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны ішінара автоматтандырылған.
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының 100-бабы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Заңының 13-16-баптары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқорлық органдарының Ережесі, патронат және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» №1346 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы «Мүгедектігі бойынша асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы толеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеуде жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» №819 қаулысының 7-тармағының 3-тармақшасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 маусымдағы «Адамдардың бала асырап алуына, оны қамқоршылыққа (қорғаншылыққа), патронатқа алуына болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы» №842 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті қалалық және аудандық білім бөлімдері (әрі қарай-Бөлімдер) және поселке, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдері аппараттары көрсетеді.
Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны болып жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік қамсыздыру алуға құқық беретін қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу жөніндегі әкімдік қаулысы табылады.
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету уақыты бойынша шектеу мерзімдері:
тұтынушының қажетті құжаттарды тапсырғаннан бастап мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімі –ауыл, қала және елді мекендегі мектепке дейінгі мекемелерде бос орын пайда болуына байланысты.
қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт – 40 минуттан көп емес;
қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт – 40 минуттан көп емес.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет тұтынушыларға күн сайын, сенбі және жексенбі күнінен басқа, 09.00 сағаттан 18.00 сағат аралығында көрсетіледі, үзіліс 13.00 ден 14.00 сағатқа дейін. Қабылдау алдын-ала тіркелусіз және жылдамдатылған қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарында азаматтарды қабылдау үшін телефоны мен факсималдық байланысы бар, компьютермен жабдықталған жеке кабинеттері, күту залы, құжат үлгілері ілінген стенд бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша қосымша ақпараттарды тұтынушылар «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінде, мына мекен-жай бойынша: 100008, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі 19, электрондық пошта мекен-жайы: [email protected], байланыс телефоны: (7212) 41 13 19 ала алады.

 

Сіз облыс әкімі С.Ахметовтың қызметін қалай бағалайсыз?
Мұрағат
14 Қазан 2011
Караганда Другие города
+12 °C
без осадков,облачно
Ю, 3 м/с
14 Қазан 2011
Доллар США   147.72
Евро   203.76
Российский рубль   4.77
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
           
 
           
 
           
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы
Поставляем двери из сосны,межкомнатные двери. Белорусские двери.
© 2005-2011 Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы

Сайт картасы