«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»


Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау – Қарағанды облысында тоқсан сайын белгіленетін кедейшілік шегінен төмен айлық орташа жан басына шаққандағы табысы бар тұлғаларға (отбасыларға) берілетін ақшалай төлем.
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны – ішінара автоматтандырылған.
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңының 2, 3, 4 баптарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 1685 қаулысымен бекітілген мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу Ережесінің 4, 5, 6, 7 тармақтарының және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 13 ақпандағы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер тұлғаның (отбасының) жиынтық табысын есептеу Ережелерін бекіту туралы» № 31-Ө бұйрығымен бекітілген атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер тұлғаның (отбасының) жиынтық табысын анықтау Ережесінің 1 тармағының негізінде көрсетіледі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 28 ақпандағы № 1782 тіркелген.
Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Қарағанды облысы қалалары мен аудандарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – Бөлімдер) арқылы көрсетіледі. Тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі болмаған жағдайда, тұтынушы кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтың әкіміне өтініш береді.
Осы қызмет көрсету нәтижесінде тұтынушы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы немесе тағайындаудан бас тарту туралы құлақтандыру алады.
Мемлекеттік қызмет жан басына шаққандағы орташа табысы облыста белгіленген кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, босқын статусына ие адамдарға, шетелдіктерге, Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар және тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақытқа шектеу мерзімдері:
тұтынушының қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсетудің барынша ұзақ мерзімі:
тұрғылықты жері бойынша бөлімге өтініш білдіргенде - 10 күнтізбелік күн;
тұрғылықты жері бойынша ауыл (село), ауылдық (селолық) округ, кент әкіміне өтініш білдіргенде - 30 күнтізбелік күн;
қажетті құжаттарды тапсырғанда кезекте күтудің барынша ұзақ уақыты 40 минуттан аспайды;
қажетті құжаттарды алғанда кезекте күтудің барынша ұзақ уақыты 40
минуттан аспайды.
Қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет жұма, сенбі және жексенбіден басқа күндері күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін үзілісімен көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау кезек тәртібімен мемлекеттік қызмет алу үшін алдын-ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарында азаматтарды қабылдауға арналған жеке кабинеттер, ақпараттық стендтер, қажетті құжаттарды толтыру үшін үлгілер бар, ғимаратқа кіреберісте мүмкіндігі шектеулі азаматтарға пандустар қарастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қосымша ақпаратты тұтынушы «Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінде мына мекен-жай бойынша ала алады: 100009, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі, 47/3, электронды поштаның мекен-жайы: [email protected], [email protected], байланыс телефоны: (7212) 432082.

 

Сіз облыс әкімі С.Ахметовтың қызметін қалай бағалайсыз?
Мұрағат
14 Қазан 2011
Караганда Другие города
+12 °C
без осадков,облачно
Ю, 3 м/с
14 Қазан 2011
Доллар США   147.72
Евро   203.76
Российский рубль   4.77
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
           
 
           
 
           
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы
© 2005-2011 Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы

Сайт картасы