Лицензия алу үшін тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптар



1. Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуi жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары мыналардың:
1) қоршалған, күзетiлетiн және санитарлық-эпидемиологиялық, өрт, экологиялық, өнеркәсiп қауiпсiздiгi талаптарына сәйкес келетiн мамандандырылған өндiрiстiк базаның (меншiк құқығында);
2) кәсiпорындар мен ұйымдардан металл сынықтарын дайындау үшiн автокөлiктiң (жүк автомобильдерi) (меншiк құқығында);
3) мынадай мөлшерлерде:
түстi металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс iстеу үшiн - кемiнде 400 ш.м;
қара металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс iстеу үшiн - кемiнде 1000 ш.м автокөлiк үшiн кiреберiс жолдары бар және/немесе кiреберiс темiр жол тұйықтары бар жер учаскесiнiң не оның үлесiнiң (меншiк және/немесе ұзақ мерзiмдi жалға алу құқығында);
4) заңды тұлғаның басшысы бекiтетiн түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөнiндегi нұсқаулықтың
5) пайдаланылатын жабдықпен жұмыс iстеу үшiн арнайы дайындықтан өткен бiлiктi персоналдың (краншылар, престеушiлер, газбен кесушiлер, пиротехниктер, дозиметршiлер);
6) аудиторлық ұйым растаған кемiнде 60000 (алпыс мың) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi активтердiң болуын қамтиды.
Түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын филиал үшiн 1-тармақтың 6) тармақшасын қоспағанда, 1-тармақта көрсетiлген талаптар қойылады.
Түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе оның филиалының тiркелген жерi бойынша өңiрдiң басқа жерiнде аумақтық орналасқан заңды тұлғаның немесе оның филиалының мамандандырылған өндiрiстiк базасының бөлiгi болып табылатын учаске үшiн 1-тармақтың 6) тармақшасын қоспағанда, 1-тармақта көрсетiлген талаптар қойылады.
Түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе филиалының тiркелген жерi бойынша өңiрдiң басқа жерiнде аумақтық орналасқан заңды тұлғаның немесе оның филиалының мамандандырылған өндiрiстiк базасының бөлiгi болып табылатын қабылдау пунктi үшiн мыналардың:
1) қолма-қол ақшамен жұмысқа ыңғайланған (сейф немесе арнайы жабдықталған касса, байланыс құралдары, фискальдық жады бар бақылау-кассалық аппарат) үй-жайдың
2) салыстырып тексерiлгенi туралы қолданыстағы сертификаты бар өлшем бiрлiктерiн қамтамасыз ету мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiне енгiзiлген таразы шаруашылығының
3) қабылдау пунктiнiң лицензиатқа тиесiлiлiгiн растайтын құжаттардың (лицензияның және оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшiрмелерi);
4) қабылдау пунктiнiң заңды тұлғаға тиесiлiлiгi, лицензия нөмiрi, жұмыс режимi көрсетiлген маңдайшаның
5) кемiнде 200 ш.м алаңның болуы талап етiледi.
Пункт тұрғын үй және өндiрiстiк объектiлерден қауiпсiз қашықтықта орналасуы және өрт қауiпсiздiгi мен санитарлық нормалар талаптарына сәйкес қоршалған, күзетiлетiн және оқшауланған болуы тиiс.
Лицензияның және оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшiрмелерi филиалдардың, учаскелердiң, қабылдау пункттерiнiң лицензиатқа тиесiлiлiгiн растайтын құжат болып табылады.
 

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
16 Қазан 2012
Караганда Другие города
+6 °C
без осадков,ясно
Ю, 2 м/с
16 Қазан 2012
Доллар США   150.62
Евро   195.16
Российский рубль   4.86
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Государственные закупки
           
 
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2012Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх