Лицензия алу үшін тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптар
1) астықты қабылдауды, өлшеуді, кептіруді, тазалауды, сақтауды және тиеп жөнелтуді жүзеге асыратын астық қоймасына (элеваторға, астық қабылдау пунктіне) меншік құқығының;
2) өткізу режимінің, салмақ өлшейтін жабдықтың, астық сақтайтын сыйымдылықтардың;
3) жұмыс істейтін көтергіш-көлік жабдығы бар жүк түсіретін құрылғылардың, аспирациялық және желдеткіш желілердің;
4) жұмыс істейтін астық тазалау машиналарының және астық кептіргіштерінің (егер технологиялық схемада көзделсе);
5) астық қоймасында (элеваторда, астық қабылдау пунктінде) технологиялық процесті сақтауды қамтамасыз ететін жұмыс істейтін технологиялық жабдықтың;
6) қажетті зертханалық жабдықтармен және құралдармен жарақталған (оның ішінде ылғал өлшегіштер, кептіргіш шкафтар, дән үнтақтау үшін диірмендер, елеуіштер жиынтығы, сынақ алғыштар, өлшегіштер, дән маңызын жуатын жабдықтар, зертханалық таразылар, астықтың залалдануын анықтау үшін оптикалық құралдар) және өлшеу жағдайы бағалаудан өткен жұмыс істейтін өндірістік-технологиялық зертхананың;
7) өтініш берушінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы орган қорытындысының;
8) тиісті технологиялық білімі бар мамандардың болуын қамтиды.
|