«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру»


Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру – жұмыссыз азамат ретінде
оларды тіркеу дерегін растау рәсімі.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: жартылай автоматтандырылған.
Осы мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 8 бабының негізінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті өтінген тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – бөлімдер), тұтынушының тұрғылықты мекен-жайы бойынша орналасқан халыққа қызмет көрсету орталықтары ұсынады.
Көрсетілетін қызметті аяқтау нысаны: анықтама беру.
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
тұтынушының өтінген кезінен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1 күн;
қажетті құжаттарды көрсету кезегінде күту уақытының ұзақтығы: 40 минут;
құжаттарды алу кезегінде күту уақытының ұзақтығы: 20 минуттан аспайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету ақысыз жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет күн сайын, сенбі, жексенбі күндерінен басқа күндері, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі ас үзілісімен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін ұсынылады. Қабылдау алдын-ала жазылымсыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

Осы мемлекеттік қызметті ұсыну орындарында азаматтарды қабылдауға арналған жеке кабинеттер, қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар ақпараттық стендтер, жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған пандустар көзделген.
25. Мемлекеттік қызметті ұсыну мәселелері жөніндегі қосымша ақпаратты тұтынушы мына мекен-жай бойынша: 100009, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі 47/3, электронды поштасының мекен-жайы karagandatrud@mail.ru, depkaraganda1@enbek.kz, байланыс телефоны: 8(7212) 432082 «Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінен алуына болады.

 

Сіз облыс әкімі С.Ахметовтың қызметін қалай бағалайсыз?
Мұрағат
14 Қазан 2011
Караганда Другие города
+12 °C
без осадков,облачно
Ю, 3 м/с
14 Қазан 2011
Доллар США   147.72
Евро   203.76
Российский рубль   4.77
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
           
 
           
 
           
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы
Форум о бизнесе в интернете. Веб-студия.
seocrat.ru
Адреса магазинов. Рассылка пресс-релизов.
spb.repetit.ru
Простой заказать авиабилетов в киев по интернету.
senturia.ua
© 2005-2011 Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы

Сайт картасы