Размер шрифта:




Цвет сайта:

белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст

Автоматтандыруға жататын облыстық бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың функцияларының тізбесі



1

жер учаскесіне құқық беру туралы облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын беру;

2

жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз ету, оларды міндетті жұмысқа орналастыру;

3

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

4

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринария саласындағы қызметін лицензиялау және лицензиялық бақылауды жүргізу;

5

еңбек рыногының бірыңғай ақпараттық базасын құру негізінде жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты талдау, және болжау. Халықты және Қазақстан Республикасы Үкіметін жұмыс рыногының жай-күйі туралы туралы хабардар ету;

6

туристтік қызмет көрсету нарығына талдауды жүргізу және облыс аумағында туризмді дамыту туралы мәліметтерді уәкілетті органға беру;

7

бюджеттік мониторингі;

8

бюджеттік мониторингтің қорытындылары бойынша бюджеттің талдау есептерін қосқанда, бюджеттің атқарылуы бойынша уәкілетті органдардың бюджеттік есебі;

9

облыс деңгейіндегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу;

10

коммуналдық меншіктегі Ұлттық мұрағаттық қорының құжаттарын мемлекеттік есепке алуды жүргізу және сақталуын қамтамасыз ету;

11

асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тізілімін жүргізу;

12

бекітілген түр-пішіндер бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы аймағындағы деректерді есепке алуды жүргізу;

13

асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мақсатқа бюджетте көзделген қаражат шеңберінде демеу-қаржыландыруға жататын әр түрдің және әр субъектінің кесіндісінде өткізілетін асылтұқым өніміне (материалына) жыл сайынғы квотаны анықтау;

14

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңына сәйкес облыстық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдары күтімі және жөндеу, қайта жаңарту, құрылысы бойынша барлық жұмыстарды ұйымдастыру;

15

ішкі және сыртқы азық-түлік нарықтарындағы ахуалды зерделеу және агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің тиісті ақпаратына қол жетімділігін қамтамасыз ету;

16

тұрғындарды қоршаған ортаға қауіп төндіретін аурулар және әлеуметтік маңызды аурулардың таралуы туралы хабардар ету;

17

малды қолдан ұрықтандыру, мал шаруашылығы өнімдері мен шикізаттарын дайындау, ауылшаруашылық малдарын сою жөніндегі алаңдар, пестицидтерді, ухимикаттарды және олардан босаған ыдыстардың арнайы қоймалары (көму орындары) мемлекеттік орындарын салу, күтіп ұстау және қалпына келтіруді ұйымдастыру;

18

 арнайы қоймаларын (көму орындары) күтіп ұстау және қолдауды ұйымдастыру;

19

ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің келісімімен "қауіпті" скрининг нәтижесінде анықталған балалар тобын психологиялық-медициналық-педагогтық кеңеске жолдауды қамтамасыз ету;

20

 автовокзалдар және автостанциялар тізілімін жүргізу;

21

жолаушылар мен жүкті тұрақты ауданаралық (қалааралық облысішілік) автомобиль тасымалдары бағыттары тізілімін жүргізу;

22

халықты жоспарланған аумақтық құрылыс не өзге де қала құрылыстарының өзгеруі туралы хабардар ету;

23

кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге келісім-шарттың орындалуын және әрекетін тоқтатуды қамтамасыз ету;

24

тұрақты қалааралық облысішілік, ауданаралық жолаушылар мен жүкті (қалааралық облысішілік) автомобильмен тасымалдауды және ауданаралық (қалааралық) жолаушылар темір жол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру, оларға қызмет көрсетуге құқығына конкурстарды жүргізу,

25

облыстық деңгейде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз ету;

26

төтенше жағдайлар кезінде тегін медициналық көмекті, дәрілік заттармен және медицинаға арналған бұйымдармен қамтамасыз ету;

27

бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

28

бағалау туралы деректерді жинақтау және жоғары бағалы асыл тұқымды малдарды әсерлі пайдалануды ынталандыру мақсатында оның нәтижелері туралы қызығушылық білдірген тұлғаларды хабардар ету;

29

жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен берілген кредиттер бойынша қойылатын талаптарды есепке алу;

30

өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

31

коммуналдық меншіктегі Ұлттық мұрағаттық қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды және пайдалануды ұйымдастыру;

32

ауылшаруашылық малдарын сәйкестендіру бойынша деректер қорын жүргізуді ұйымдастыру;

33

салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды насихаттау және қалыптастандыру, гигиеналық оқытуды ұйымдастыру;

34

әлеуметтік-мәдени бағыттағы және облыстық коммуналдық меншіктегі объектілердің құрылысы, қайта өңдеу және жөндеу бойынша тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру;

35

 халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларына кешенді қала құрылысының сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;

36

жеке және заңды тұлғалардың сұраныстарын орындауды ұйымдастыру;

37

орман қоры аумағындағы ағаштардың аурулары және зиян келтірушілерімен күрес жөнінде жұмыстарын және олардың санитарлық жағдайын жақсартуды ұйымдастыру;

38

«Мекен-жай тіркелімі» ақпараттық жүйесін толықтыруды және жүргізуді қамтамасыз ету;

39

аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы, құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудандық жергілікті атқарушы органдардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыстарын үйлестіру;

40

облыс мәжілісмен мақұлданған, облыс аумағының әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламалары құрамындағы облыстары аумағындағы қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларының жобаларын (облыстың аудандық жоспарлау жобаларын, сондай-ақ халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын әзірлеуді және бекіту үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне облыс әкімдігімен беруді ұйымдастыру;

41

жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөніндегі препараттарды тасымалдауды (жеткізу) ұйымдастыру, аудандардың және облыстық қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына ветеринарлық препараттардың республикалық қорынан басқа

42

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;

43

білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беру және негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;

44

медициналық техника және медицинаға арналған бұйымдар, медициналық емес жабдықтар, санитарлық көлікті , сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі жөндеу жүргізуге қызметті сатып алуды ұйымдастыру;

45

денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне бақылау және мониторингін ұйымдастыру және жүргізу;

46

балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын тексеруді және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз ету;

47

балаларды арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымдастыру;

48

дарынды балаларды мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқытуды ұйымдастыру;

49

техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік тапсырмасы негізінде, жалпы білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін қағаздық және электрондық тасымалдағыштағы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді ұйымдастыру;

50

коммуналдық меншіктегі ведомствалық құжаттардың сақталуына, iс жүргiзудiң жай-күйiне ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық және бақылау;

51

бюджеттің атқарылуы бойынша орталық уәкілетті органға есептерін ұсыну;

52

жергілікті бюджеттердің дебиторлық және кредиттік берешегі туралы бюджеттік есебін құру;

53

қаржыландырудың барлық жеке жоспарларының жалпы сомасына ҚР ББК әрбір бюджеттік бағдарламасы және айлары, міндеттері бойынша қаржыландырудың жинақталған жоспарының, төлемдері бойынша қаржыландыру және түсімдерінің жинақтық жоспарының, міндеттері мен төлемдері сомасының сәйкестігіне тексеруді жүргізу;

54

бюджеттік есебінің орындалуы бойынша республикалық бюджеттен бөлінген кредиттер және дамыту үшін нысаналы трансферттер, нысаналы ағымдағы трансферттерді іске асырудың нәтижелері туралы орталық уәкілетті органға ұсыну;

55

бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру;

56

ай сайын жүргізілген мониторинг қорытындыларының негізінде анықталған, өсуі негізсіз жоғарылаған жағдайда, маңызды азық-түлік тауарларына бағаларын төмендетуге бағытталған шараларды қабылдау;

57

«Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу» қызметінің түрі бойынша лицензияларды беру;

58

кең таралған пайдалы қазбалар бойынша келісім-шарттық міндеттердің орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру;

59

сауда және нарық саласында конъюктураны дамыту динамикасының мониторингін жүргізуге қатысу;

60

сатып алу-сату шарттарының сақталуынаа бақылауды және жекешелендіру объектілерін сатып алу-сату шарттарын әзірлеуді және жасауды жүзегк асыру;

61

облысы аумағын дамыту бағдарламасын әзірлеу, мониторингі және іске асырылуын бағалау;

62

статистикалық әдіснамасы талаптары сақталумен тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық бақылауды іске асыру;

63

Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген шеңберінде дәрілік заттарды,профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды сатып алуды іске асыру:
амбулаторлық деңгейді -өкілетті органмен бекітілген тізбеге сәйкес;
стационарлық деңгейде -дәрілік формулярлар шегінде;

64

Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген шеңберінде медициналық және дәрілік қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру;

65

тиісті аумағында орналасқан мәдениет ұйымдары қызметінің мониторингін жүзеге асыру және уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ, басқа белгіленген нысанда есептер ұсыну;

66

пайдалы қазбаларды барлаудың, табудың, біріктіре барлау мен табуды жүргізу үшін контрактілік құжаттардың жобаларына экономикалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу не оларға қосымша, барлау және (немесе) табуға байланысты емес, жер асты құрылысының құрылысын пайдалану және (немесе) құрылысы, сондай-ақ қатты және көпшілікке таралған пайдалы қазбалар мен жер асты сулары бойынша техникалық - экономикалық негіздемесі;

67

орман қорына мемлекеттік есеп жүргізу бойынша материалдарды дайындау, басқарманың функционалды жүргізуіндегі ормандарға мемлекеттік бақылау жүргізу, мемлекеттік орман кадастрына оларды өкілетті органдарға беру үшін материалдарды дайындау;

68

жерді тиімді пайдалану бойынша бағдарламалары, жобалар мен схемалары, жерді пайдалану жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

69

әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (қалааралық ішкіоблыстық) қатынас жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушылардың шығындарын субсидттеу;

70

ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру бойынша ұсыныстар дайындау;

71

жерді резервтеу жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

72

облыс кітапханаларының, музейлерінің, театралдық, музыкалық ұйымдардың, кино мекемелерінің, балалар және жастар, өздігімен қалыптасқан коллективтердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

73

облыстық коммуналдық мүлікті облыстық коммуналдық заңды тұлғалармен бекіту;

74

туристтік, оның ішінде туристтік әлеует, туризм нысандары және туристтік қызметті жүзеге асырушы адамдар туралы ақпаратты уәкілетті органға беру;

75

жоғары және орта медициналық оқу орындары үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының клиникалық базасын ұсыну;

76

спорттық дәрежелер мен спорттық санаттарын беру; спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық дәреже, бірінші санат біліктілігінің жоғары және орта деңгейлегі жаттықтырушы, бірінші санат біліктілігінің жоғары деңгейдегі нұсқаушы спортшы, бірінші санат біліктілігінің жоғары және орта деңгейдегі әдіскері, бірінші санатты спорт төрешісі;

77

өз құзыретінің шеңберінде шаруашылық қызметінің объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу және ұйымдастыру;

78

жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты облыстық, қалалық, аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргізу;

79

денсаулық сақтау ведомствосына қарасты мемлекеттік ұйымдардың басшыларына кәсіби құзырлығына аттестаттау жүргізу;

80

өңірлік жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жалпы бағалау;

81

әлеуметтік-экономикалық дамыту есебімен, бюджеттік түсімдерді болжамдау;

82

ветеринария саласында Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіппен, ветеринарлық есепке алуды жүргізу, жинақтау, талдау және есеп беруі және оларды ауыл-шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ұсыну;

83

жердің беткі қабатындағы су көздерін пайдалануға төлем ставкаларын әзірлеу;

84

орталық атқарушы органмен бөлінген квотаның шеңберінде әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күштерін тарту үшін рұқсат беру, сондай-ақ, аталған рұқсатты тоқтату және кері қайтарып алу;

85

мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және азаматтардың өтініштерін қарау

86

облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларын келісімдеу;

87

мемлекеттік сатып алу есебінің деректерін қалыптастыру;

88

мемлекеттік мекемемен тауарды (жумысты, қызметтi) сатудан түскен, олардың қарамағында қалатын түсімнің жиынтық жоспарын және ақша шығының қалыптастыру;

89

аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде облыстың жер балансын жасау;

90

тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, есепке алу, сақтау бойынша жұмыстарды жүргізу;

91

тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, корғауды, пайдалануды қамтамасыз ету және тарихи және мәдени ескерткіштеріне ғылыми-қайтадан жөндеу жұмыстарын жүргізу;

92

облыстық (республикалық маңызы бар қалаларда, астанада) есепке алу, қорғау, консервация және реставрация, сондай-ақ тарихи ескерткіштерді материалдық және рухани мәдениетті пайдалану, сондай-ақ елдің атақты мәдени қайраткерлерін мәңгі еске алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

93

қажет болған жағдайларда, мүдделі мемлекеттік органдармен келісімдеу бойынша тарихи және мәдени ескерткіштерге байланысты, тариғи және мәдени ескерткіштерді және қоршаған ортаны қорғау объектілерін қорғауды және пайдалануды жүзеге асыру;

94

тиісті аумақтарды эконмикалық және әлеуметтік дамыту жоспарларында жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерді есепке алу, қорғау және ғылыми-жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде іс-шараларды жоспарлау;

95

мемлекет меншігіндегі, жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерді пайдалануға беру туралы мәселені шешу;

96

халықтың санитарлық-эпидемиялогиялық саулығы сақтау саласында уәкілетті органмен, бассейндік су шаруашылығы басқармаларымен келісу бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулерін бекіту;

97

өз құзыретінің шегінде, мемлекетпен жеке меншікке сатылатын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;

98

төтенше жағдайларды жойғаннан кейін қоршаған ортаны жақсарту, шаруашылық қызметтерін, ұйымдарды және азаматтарды қалпына келтіру бойынша іс-шараны жүзеге асыру;

99

коммуналдық меншіктегі Ұлттық мұрағаттық қорының құжаттары бойынша мәліметтер базасын қалыптастыру;

100

әкімдікке, облыстың ревизиялық коммисиясына, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкіллетті органға, ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органға облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп беру.

101

әкімдікке, облыстың ревизиялық коммисиясына, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкіллетті органға, ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органға облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп беру.

102

бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган тиісті жергілікті атқарушы органның тиісті өкілдігіне резервінің ақшасын пайдалану және тиісті кезеңге оның қалдығы туралы ақпаратты ұсыну;

103

облыстық коммуналдық мүліктің есепке алынуын ұйымдастыру, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;

104

облыстық, сонымен қатар бюджеттік қаржыны басқару жөніндегі ауданның жергілікті атқарушы органдарынан (облыстық маңызы бар қалалар) қаржыландыратын атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;

105

тиісті бюджетті түзетуді жүзеге асыру;

106

облыстық коммуналдық мүлікті басқару, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

107

міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын құрастыру, бекіту және жүргізу, түсімдердің жиынтық жоспары мен төлемдер бойынша жоспарлау;

108

мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша демеушілік және қайырымдылық көмектен ақшаның түсуі және оның жұмсалуы туралы есепті қалыптастыру;

109

тиісті аумақтарда жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің пайдаланылу және күтіп-ұстау тәртібін, сондай-ақ оларда археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

110

тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мiндеттемелерiн ресiмдейдi және оларды меншiк иелерi мен пайдаланушылардың орындауын бақылау;

111

театр, музыка және кино өнері, мәдени-демалыс қызметі, кітапхана және мұражай ісі саласында облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру, тарату, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

112

өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

113

салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;

114

өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандардың және жайсыз отбасылардың өңiрлiк есебiн жүргiзу;

115

жер қойнауын пайдалану құқығын табыс етуге арналған рұқсаттарды береді, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге салу жөніндегі мәмілелерді тіркеу;

116

мәліметтерді, оның ішінде, өзінің басқаруындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың және оларға қатысты мемлекеттің акционер (қатысушы) ретінде басқаруға қатысу құқығын өзі жүзеге асыратын мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атаулы тізбесін, бұл мәліметтерді мемлекеттік мүліктің тізілімінде көрсету үшін дайындау;

117

өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

118

барлауға арналған келісімшарттарды қорытындылауды, тіркеуді және орындауды, табуға және қатар барлауға және кең таралған пайдалы қазбаларды табуды жүзеге асыру;

119

соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерiне және оларға теңестiрiлген адамдарға, қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасыларын, тылда еңбек етiп, әскери қызмет атқарған азаматтарды әлеуметтiк қорғау және олардың емделу орындарына жүру жолына жеңiлдiктер жөнiнде, қосымша шаралар белгiлеу;

120

ауыр кемiстiктерi бар балаларға күтiм жасау жөнiндегi әлеуметтiк көмектi ұйымдастыру мен көрсету жөнiндегi қызметтi үйлестiру;

121

мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмектiң көрсетiлуiн үйлестiру;

122

азаматтарды және оралмандарды медициналық көмекпен және дәрі дәрмекпен, тегін медициналық көмекпен кепілдемелік көлем шеңберінде медициналық белгіленген заттармен қамтамасыз ету;

123

мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жабдықтармен қамтамасыз ету;

124

халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз ету;

125

ауданаралық (қалааралық, облысаралық) және қала сыртындағы темір жол хабарламаларын анықтау;

126

коммуналдық меншікке жататын құрылысты және тазалау жабдықтарын пайдалануды ұйымдастыру;

127

білім беру қызметін лицензиялауды ұйымдастыру, сонымен қатар, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларды, мамандандырылған және арнаулы білім беру бағдарламалары мен денешынықтыру бойынша балар мен жас өспірімдерге қосымша білім бағдарламарды мемлекеттік аттестациядан өткізу ;

128

арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлау, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

129

мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін бақылауды ұйымдастыру;

130

облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

131

астық қабылдау кәсіпорындарын: бекітілген графиктерге сәйкес жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарын жыл сайынғы тексеруді; астық қабылдау кәсіпорындарын зерттеп-тексеру актілерін ресімдеуді қамтитын бақылау

132

Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасының және білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының сақталуын бақылау;

133

облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асыру;

134

дуал мен су жүргузіді пайдалану көлемдерін мәлімдеу негізінде барлық пайдаланушылар үшін айлар бойынша лимиттерді бөлуді жүзеге асыру;

135

жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

136

өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

137

тиiстi аумақтарда орналасқан су объектiлерiнiң, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асыру;

138

тиiстi аумақта тұрған табиғат объектiлерiнiң жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асыру;

139

жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi өздеріне ведомстволық бағыныстағы органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру мен бақылауды жүзеге асыру;

140

кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау мәселелерiмен айналысатын мемлекеттiк ұйымдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыру;

141

тұрғын үй қорын сақтау және тиісті дәрежеде пайдалану жөнінде ұйымдастырушылық іс-шараларын жүзеге асыру;

142

облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алуды жүзеге асыру;

143

облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін қалыптастыруды жүзеге асыру, және оны қалыптастыру мен реестр жүргізу мақсатында тоқсан сайын құзыретті органға ұсыну;

144

арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен психикалық және (немесе) дене кемiстiктерiн анықтау, есепке алу мен түзеу салаларында жұмыс iстейтiн кадрларды қайта даярлауды, бiлiктiлiгiн арттыруды және аттестаттауды жоспарлау және ұйымдастыру;

145

уәкілетті органға шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу жөніндегі ақпараттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау жөніндегі мәліметтерді табыс ету;

146

денсаулық сақтау ұйымдарының желісін дамыту мен оларды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі, оның ішінде дәріханалардың мемлекеттік желісін дамыту және дәріхана қоймаларын құру жөніндегі шараларды қабылдау;

147

елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс жобаларын) бекіту және іске асыру;

148

материалдық-техникалық, азық-түлiк, медициналық және басқа ресурстардың жергiліктi қорларын құру және пайдалану;

149

облыстың коммуналдық меншігіне жататын жолдарды және жол кәсіпорындарын басқаруды жүзеге асыру;

150

облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желісін, елді мекендер көшелерін басқару;

151

бассейндік су шаруашылығы басқармаларының келісімімен су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу;

152

ең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе табуға жер қойнауын пайдалануға құқық беруде жер қойнауы учаскілерінің тізімін қалыптастыру;

153

2010-2014 жылдарға арналған индустрияландыру картасына енген инвестициялық жобалардың іске асырылуына талдау жүргізу;

154

коммуналдық меншіктегі тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау мен қолдану;

155

Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшiн пайдалану;

156

мемлекеттік тапсырыс аясында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру үшін отандық және шетелдік газет-журналдық, аудио-визуалдық өнімнің талдауы мен мониторингін жүзеге асыру;

157

облыстағы мемлекеттік мәдени ұйымдардың қызметкерлерін аттестаттауды жүргізу;

158

белгіленген тәртіпте шығармашылық қызметкердін мәртебесін растайтын куәліктер беру;

159

білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыру;

160

дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді ұйымдастыру;

161

жалпы білім беру пәндері бойынша мектеп олимпиадалар мен ғылыми жобалардың конкурстарын, областық масштабтағы орындаушылар конкурсы мен кәсиби шеберлер конкурсын ұйымдастыру және жүргізу қамтамасыз ету;

162

техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде аяқтаған тұлғаларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;

163

мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрлық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;

164

арнайы мамандандырылған және арнайы жалпы бiлiм беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат формасында оқуға рұқсат беру;

165

қалааралық, облысаралық, ауданаралық автомобильдік жолаушылар мен жүкті тасмалдауға қызмет алуға құқығы болатын куәлік беру ауданаралық (қалааралық облысішілік), жәнетасымалдауды жүзеге асыруды тиісті уақыттында әрекетін тоқтату және рұқсат берілген құжаттарды кері қайтару;

166

облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы ұсыныстар енгізу;

167

төтенше жағдайлардың шығуына әкеп соқтыратын апаттар, қирау және күйреуді тергеуге қатысу;

168

өз құзіреті шегінде төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен халыққа және жұмысшыларға әлеуметтік қорғанысты қамтамасыз ету, азаматтардың денсаулығына және мүлкіне, қоршаған ортаға және шаруашылықты нысандарға келтірілген шығынның орнын толтыру, медициналық қызмет көрсету, өтемақы және төтенше жағдайлар аумағында тұруға және жұмыс жасауға жеңілдіктер алу;

169

карантиндік нысандардың таралу есебін жүргізу және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат ұсыну;

170

темір жол станцияларында, теңіз және өзен порттарында (пристаньдарында), әуежайларда, автовокзалдарда (автостанциялардағы), базарларда, пошта байланысы ұйымдарында және өзгеде объектілерде карантиндік аймақтарда осы объектілердің иелері жеке және заңды тұлғалардың, сондай–ақ мемлекеттік басқару органдарының карантиндік іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;

171

денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, халықтың денсаулығын жануарларға және адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды іске асыру;

172

облыс (республикалық маңыздағы қала, астана) аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары туындаған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының ұсынуы бойынша карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринарлық режимін белгілеу туралы шешім қабылдау бойынша ұсыныстар енгізу;

173

(республикалық маңыздағы қала, астана) аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың туындаған жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде ветеринарлық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау бойынша ұсыныстар енгізу;

174

уәкілетті орган орнатқан тәртіпте аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім қабылдау бойынша ұсыныстар енгізу;

175

уәкілетті органмен келісім бойынша сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ветеринарлық іс-шаралар жоспарын бекіту;

176

сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ветеринарлық іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;

177

алдын алу мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын, жануарлардың эпизоотиялық ауруларының тізбесін әзірлеу және уәкілетті органға ұсыну;

178

Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі бойынша алдын алу жөнінде ветеринарлық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;

179

сайлаушылардың тізімін қалыптастыру.

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
19 Қаңтар 2013
Караганда Другие города
-16 °C
без осадков,пасмурно
Ю, 4 м/с
19 Қаңтар 2013
Доллар США   150.65
Евро   201.19
Российский рубль   4.98
 
Послание Президента РК
 
ҚР Президентінің Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Обучение компьютерной грамотности
           
 
Государственные закупки
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2020 Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх