«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»
Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру – қорғаншылық және қамқоршылықтағы балаларға әлеуметтік қолдау, әлеуметтік-тұрмыстық, дәргерлік-әлеуметтік, әлеуметтік-пегагогикалық қызмет көрсетуге қатысты мәліметті немесе хабарламаны растайтын құжат.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны ішінара автоматтандырылған.
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқорлық органдарының Ережесі, патронат және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» №1346 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті қалалық және аудандық білім бөлімдері (әрі қарай-Бөлімдер) және поселке, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдері аппараттары, тұтынушының тұрғылықты мекен-жайы бойынша орналасқан халыққа қызмет көрсету орталықтары көрсетеді.
Осы қызметті көрсетудің нәтижесі болып қорғаншылық және қамқоршылық органның анықтамасын беру болып табылады.
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету уақыты бойынша шектеу мерзімдері:
тұтынушының қажетті құжаттарды тапсырғаннан бастап мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімі –15 күн ішінде.
қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт – 40 минуттан көп емес;
қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт – 40 минуттан көп емес.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет тұтынушыларға күн сайын, сенбі және жексенбі күнінен басқа, 09.00 сағаттан 18.00 сағат аралығында көрсетіледі, үзіліс 13.00 ден 14.00 сағатқа дейін. Қабылдау алдын-ала тіркелусіз және жылдамдатылған қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарында азаматтарды қабылдау үшін телефоны мен факсималдық байланысы бар, компьютермен жабдықталған жеке кабинеттері, күту залы, құжат үлгілері ілінген стенд бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша қосымша ақпараттарды тұтынушылар «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінде, мына мекен-жай бойынша: 100008, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі 19, электрондық пошта мекен-жайы: karodo@mail.kz, байланыс телефоны: (7212) 41 13 19 ала алады.
|