Қарағанды облысының 2011 жылы бойынша даму қорытындылары
Қарағанды облысының 2011 жылдағы дамуының қорытындылары
Облыстың 2011 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары жалпы жағымды және тұрақты динамиканы көрсетеді.
Жалпы өңірлік өнімнің өсімі 2011 жыл ішінде 4% (ЖӨӨ 2011 жылы 2,4 трлн. теңгені құрады) қамтамасыз етілген. Облыс елдің ЖӨӨ 8,7% қалыптастырады.
Өнеркәсіптік өндірістің көлемі 2,3% артып, 1298,7 млрд. теңгені құрады.
Индустриализация картасының шеңберінде 36,7 млрд. теңге сомасына 24 жоба іске қосылды, 1541 жаңа жұмыс орны құрылды.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 13,3% артып, 119,8 млрд. теңгені құрады. Бидайды жалпы жинау 2,4 есеге артты. Әртараптандыру шеңберінде картоптың (6,2%), көкөністің (9,3%), май дақылдарын (27,7%) егу алқаптары ұлғайтылды.
Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 12,3% артты және 253 млрд. теңгені құрады.
Тұрғын үйдің 257,2 мың кв. метрі енгізілді немесе 2010 жылдың сәйкес кезеңіне 111,2%.
Шағын және орта бизнес саласында белсенді субъектілердің саны 9,5%, өнім көлемі – 2,5%, жұмыспен қамтылғандар саны - 0,2% өсті.
Сыртқы сауда айналымы жыл ішінде 44% ұлғайды (12,4 млрд. АҚШ долларын құрады).
Облыс бюджеті 2011 жылы 166 млрд. теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджеттен трансферттер және субвенциялар - 53,1%. Әлеуметтік мәселелерді шешуге 58,5% бағытталды, олардың ішінен білім беруге – 54,1 млрд. теңге, денсаулық сақтауға – 25,3 млрд. теңге. Мемлекеттік бюджетке 271,8 млрд. теңге көлемінде кірістер түскен (болжамға 102,8%).
Мектепке дейінгі білім берумен 3 тен 6 жасқа дейінгі 97,1% бала қамтылған.
Дәрігерлермен қамтамасыз етілу 10 мың тұрғынға 35,5 құрайды (республика бойынша – 31,2).
Жұмыссыздық деңгейі 5,3% құрады (2011 жылда 0,2 пайыздық тармаққа төмендеген).
Орташа айлық еңбекақы 77911 теңгеге жетті (2010 жылға өсім 17,1%).
Халықтың ақшалай табыстары 49 470 теңгені құрады (2010 жылға өсім 17,6%). |