ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы. 2011 жылдың 3 сәуірі


2011 ЖЫЛҒЫ 3 СӘУІРДЕ
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы болады!

Дауыс беру учаскелерінде сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі.
Сізді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін Сіздің тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелуіңіз негіз болады. 18 наурыздан бастап Сіз сайлау учаскелерінде сайлаушылар тізімдеріндегі өзіңіз туралы деректерді тексере аласыз.
Егер Сізге кемінде 2 наурызға дейін сайлау күні өзіңіздің тіркелген жеріңіз бойынша сайлау учаскесіне келу мүмкіндігіңіз болмайтыны белгілі болса, Сіз өзіңіздің болатын жеріңіздегі әкімдікке Сізді сайлау күні өзіңіз болатын жеріңіз бойынша сайлаушылар тізіміне енгізу жөнінде жазбаша өтініш беруге құқылысыз.
Сіздің болатын жеріңіз 18 наурыздан бастап 2 сәуірге дейінгі кезенде (жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ге дейін) ауысқан (басқа елді мекенге барған) кезде учаскелік сайлау комиссиясы Сіздің жазбаша өтішіңіз бойынша және өзіңіздің жеке басыңызды куәландыратын құжатты көрсеткен кезде Сізге дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін табыс етеді. Дауыс беру күні учаскелік сайлау комиссиясы Сіз есептен шығару куәлігін және өзіңіздің жеке басыңызды куәландыратын құжатты көрсеткен кезде Сізді келген жеріңіз бойынша сайлаушылардың тізіміне енгізеді.
Егер сайлау өткізілетін күні Сіз денсаулық жағдайыңызға, отбасыңыздың сырқат мүшесіне күтім жасау себебіңізге, сондай-ақ сайлау учаскелері құрылмаған шалғайдайғы және қатынасу қиын аудандарда болуыңызға байланысты дауыс беруге келе алмаған жағдайда, учаскелік сайлау комиссиясы Сіздің жазбаша өтішіңіз бойынша Сіздің келген жеріңізге дауыс беруді ұйымдастырады. Келген жеріңіз бойынша дауыс беру туралы өтінішті Сіз учаскелік сайлау комиссиясына 18 наурыздан бастап және 3 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша сағат 12:00-ден кешіктермей бере аласыз.
 

Сіз қалалар мен аудандар әкімдерінің жұмысын қалай бағалайсыз?


18 Наурыз 2011
Караганда Другие города
-8 °C
без осадков,ясно
З, 4 м/с
18 Наурыз 2011
Доллар США   145.82
Евро   204.80
Российский рубль   5.13
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
           
 
           
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы
© 2005-2010 Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Сайт картасы http://validator.w3.org/images/valid_icons/valid-html401