Республикалық БАҚ бас редакторларымен кездесудегі С. Ахметовтың сөйлеген сөзі, 22 қыркүйек 2010 жыл



Құрметті редактор мырзалар!
Қадірлі қонақтар!


Қасиетті Қарағанды жеріне қош келдіңіздер! Сіздермен кездесіп отырғаныма өте қуаныштымын.
Кең байтақ қазақ даласының қай жері болса да қадірлі. Дегенмен қазыналы, құтты қоныс Қарағанды аймағының орны ерекше.
Қарағанды облысы еліміздің ірі өндірістік орталығы және индустриалық іргетасы.
Сонымен қатар біз аймағымыздың тұңғыш Президентіміз, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбек және саяси атамекені екенін ерекше мақтан етеміз. Елбасымыз дәл осы жерде жалындаған жастық шағын өткізді. Шар болаттай шыңдалды, қайраткер тұлға ретінде қалыптасты.
Қарағанды білім, ғылым, мәденит ордасы ретінде де танымал.
Облысымызда жүзден аса ұлт пен ұлыс өкілдері бір атаның баласындай тату-тәтті өмір сүруде.
Сарыарқа жері – қазақтың қазба байлығының ғана емес, өнерінің, мәдениетінің және тарихының да алтын кеніші.
Құрметті қаламгерлер!
Сіздермен бүгінгі кездесуді пайдаланып аймағымызда атқарылып жатқан шаралармен қысқаша таныстырып өтуді жөн көрдім.
Елбасының тапсырмасымен жасалған, ұлттық идея деңгейіне көтеріліп отырған үдемелі индустриалды – инновациялы бағдарламаны орындау мақсатында көптеген жұмыстар жүргізілуде. Респуликаның индустриаландыру картасына бідің облыстан жалпы құны 76 млрд. теңгеден асатын 18 жоба еніп отыр. Оның 10 биылғы жылы жүзеге асырылады. Ал 6 жоба осы жарты жылдықта орындалды.
Қарағанды облысы экономикасының негізін кен өндіру және өңдеу өнеркәсіптері құрайды. Осыны ескере отырып біз «Базалық өнеркәсіп салаларын дамытудың тұжырымдамасын» жасадық.
Мақсат – шикізатты өңдеу, бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруда озық әдістер мен технологияларды ендіруге бағытталған индустриялық жүйе құру.
Дәстүрлі салалармен қатар облыстың мамандануына болашағы зор өндіріс салалары да бар. Олар, машина жасау; металлургия комбинаттарының өнімдері, металл өңдеу; химия және фармацевтика өнеркәсібі; металл емес құрылыс материалдарын шығару.
Облысымыздағы машина жасау зауыттары, ғылыми мекемелері мен Технопарк негізінде «Машина жасау консорциумы» құрылды. Алғашқыда оған 7 машина жасау зауыты кірген болса бүгінде олардың саны 27 жетті.
Консорциум екі бағытта әрекет етуде. Біріншіден кен – шахта жабдығын өндіру, екіншіден , коммуналдық және ауыл – шаруашылық техникасына арналған аспалы құрал – жабдықтарды шығару.
«Каз Белаз» ауыр жук автомобильдерін шығару мен ауыл шаруашылығына арналған жеңіл ұшақтар жасауды қолға алу аймағымызды индустриалды дамытудағы мүлдем жаңа бағыт болмақ.
Елбасымыздың Ақтөбе сапарында алға қойылған «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүденуі» атты міндетті жүзеге асыруда да біраз шаруалар тындырылған.
Бізде ауылдық мекендерді дамыту мен абаттандырудың үш жылдық арнайы жоспары бар. Сонымен қатар әр ауылдық мекенді міндетті түрде моншамен, наубайханамен, коммуналдық техникамен қамтамасыз ету қолға алынған.
Ауылды индустиаландыруда селолық жерлерде өнеркәсіп орындарын ашуға ерекше көңіл бөліп келеміз. Ауылдық жерлерде ашылған «Бапи Майнинг», «Казтерм» сияқты өндіріс орындары, жаңа жұмыс орнымен, тұрақты жалақымен қамтамасыз етумен қатар жаңа мамандар дайындауды да қолға алуда.
Кезінде жақсы дамыған соңғы жылдары құлдырауға ұшыраған суармалы егін шаруашылығын жандандыруды арнайы бағдарлама негізінде жүргізудемз. Бұл көкөніс, жеміспен қатар мал азығының мықты базасын жасауға да мүмкіндік береді. Өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын өркендетумен қатар әлеуметтік мәселелерге де қатты көңіл бөлінуде. Бұл салада біздің аймақтың даму ерекшелігі ретінде бір ақ мысал келтірем.
«Мемлекет пен жеке меншік әріптестігі» негізінде 2011 жылы 15 балабақша салып, 2013 жылға қарай аймақтағы бала бақшамен қамтамасыз ету проблемасын түпкілікті шешеміз деп отырмыз. Бір қуанарлығы, біздің бұл ынтамыз Қазақстан Үкіметі тарапынан да қолдау тауып отыр.
Айтылар мәселелер көп, бірақ сіздер әлі ел аралап біраз дүниеге өздеріңіз куа болсыздар. Сондықтан қысқаша мәліметімді осымен аяқтаймын
Баспасөз - халықтың көзі, құлағы және тілі болып табылады. Шынында да, оның қоғам өміріндегі маңызы да, алатын орны да ерекше. Бүгінде әсіресе қазақ тілді басылымдардың азаматтық позиция ұстанғаны, мемлекетшіл болғаны дұрыс. Өйткені тілімізді, дінімізді, дәстүрімізді, сақтап қалу өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл жерде ақпарат құралдарының ролі, істеуге әзірміз.ерекше екені айтпаса да түсінікті.
Енді, құрметті қонақтар, сөз кезегін сіздерге бергенді жөн көріп отырмын. Өздеріңізді мазалап жүрген сұрақтарыңыз болса, айта отырыңыздар. Біз әрқашанда тек сөзімізбен ғана емес, ісімізбен де ынтымақтаса жұмыс істеге әзірміз.
Құрметті редактор мырзалар!

Ақпарат құралдары - қоғамды бріктірудің қуатты құралы. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз алдағы уақытта да егемен еліміздің, оның ішінде Қарағанды облысының тыныс-тіршілігін шынайы бейнелеуге мүмкіндік беретіндігіне сенімдіміз.
Жұмыстарыңызға табыс, зор денсаулық, отбасыларыңызға құт – береке тілеймін.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

 

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
15 Қазан 2012
Караганда Другие города
+14 °C
без осадков,пасмурно
Ю, 3 м/с
15 Қазан 2012
Доллар США   150.53
Евро   195.25
Российский рубль   4.86
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Государственные закупки
           
 
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
Посмотрел в январе индикаторные наклейки, проверил, хорошее качество, теперь куплю другу =)
Заказ техники и запчастей. Правовая база.
trucklist.ru
Статьи и советы молодоженам. Приметы и суеверия.
rzhevskiy.ru
Анонсы потребительских акций. Информационный сайт Марий Эл.
stroyshopper.ru
© 2005-2012Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх